Сервис сұранысқа сай болсын...

Жаңалықтар
10.01.2018, 15:25
Атырауға іссапармен келген  Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев пен Ирина Унжакова жұртшылықпен,  жергілікті мәслихат  депутаттарымен кездесіп, өңірдің бірқатар стратегиялық нысандарымен танысты.   Мәжіліс депутаттарының назарынан Атырау вокзалы да қалыс қалмады. Аймақтың бас қақпасында  халық қалаулыларын  «ҚТЖ-ЖТ» АҚ филиалы Атырау бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев пен магистралдық желі бөлімшесі басшысы Елеубай Сапаров, Атырау вокзалының бастығы Айгүл Сайынқызы бастаған  теміржолшылар қарсы алды. Теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастырудағы электронды кезек алу мен билет алу, жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі, вокзалдағы ана мен бала бөлмесі, асхана мен өзге де халыққа қол жетімді қызметтермен танысқан   халық қалаулылары   ең бастысы  – сервистің талапқа сай болғаны маңызды екенін жеткізді.  Вокзалдағы билет кассасына кезекке тұрып, жолаушыларды тексеру жүйесінен өткен Халық қаһарманы Б.Ертаев пен И.Унжаковалар вокзалда жолаушылар пойызы бағытын үш тілде хабарлаған вокзал кезекшісі, диктор Айгүл Қамиеваның, жолаушыларды тексеру жүйесінің инспекторы Ақмарал Қаражанова мен электронды кезек пен билетті алу жүйесін тұрғындарға мұқият түсіндіріп, қызмет көрсеткен Гүлнәр  Құлжановалардың қызметтеріне ризашылықтарын білдірді.    Бірер жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіп, іші мен сырты көзтартарлық күйге енген вокзалдың перронына дейін аралап көрген депутаттар акт залында теміржолшылармен жүздесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.   Б.Ертаев бүгінгідей  бақытты заманда өмір сүріп жатқан қазақстандықтар   осы бақытты бағалап, ұлттың ұлы мен қызын тәрбиелеуде осалдыққа жол бермей, ел экономикасы мен әлеуетін арттыруда аянбай еңбек ету керек дей келе,  ел болашағы жастардан үлкен үміт күтетінін жеткізді.   Ал депутат И.Унжакова: «Теміржол саласында темірдей тәртіп барына көз жеткіздік. Бұдан өзге теміржолшылардың династиясы тұрақты өсіп, осы салада кәсіби шыңдалған мамандардың жұмыс істеп жүргені қуантады.  Вокзалдағы әр қызметтің маңайында өз кәсібінің мамандары отырғанына куә болдық. Электронды жүйені халық жақсы пайдаланып,  үйреніп жатқанын көрдік. Біздерге заң жобасына қатысты халықтың тарапынан көптеген сындар айтылады. Сол сындарға жауап беріп, өңірдің өзекті мәселелерін ескеріп жүруге келдік. Бүгінде еліміздің экономикасына теміржол саласының сүбелі үлес қосып отырғаны сөзсіз. Алайда, біз өркениетті елдердің деңгейіне жетуіміз үшін жолаушы сервисімен қатар  жүк тасымалын да жаңа деңгейге көтеріп логистиканы дамытып, цифрлық жүйенің теміржолда кең қолданысқа ие болуына, тасымал көлемін арттыруға жұмыстануымыз қажет. Бұл бағытта ҚТЖ орасан зор жұмыс жасап жатқанын да білеміз», – деді.    Жиын соңында  аймақ теміржолының басшысы Бөріхан Беркімбаев іссапар барысында теміржол саласына да көңіл бөліп, теміржолшылармен кездескен халық қалаулыларына алғыс айтты, теміржолшылар ғасырлық үрдісті үзбей, ел экономикасын дамытуда  еңбек ете беретінін жеткізді.  

Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл