Вокзал ғимараттары күтімге алынуда
Кез-келген ірілі-ұсақты елді мекеннің басты қақпаларының бірі - теміржол вокзалдары. Оның заманауи тұрғыда әрленіп, көз тартымды халде болуы қазіргі уақыт талабы. Бұған дейін дербес құрылым ретінде жұмыс жасап келген вокзал қызметі Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне кіріктірілгелі үлкен өзгеріс орын алуда.
Қазіргі таңда Сыр бойындағы вокзалдардың жұмысына, бөлімше телдімдеріндегі жолаушыларға қызмет көрмсету пунктерінің талап негізінде жолаушыларға қызмет жасау тұрмыс-тіршілігіне бөлімше директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Жандарбек Өтегенов басшылық жасауда. Бөлімше бойынша вокзал шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстар жайын шаруашылық басшысы мәлімдеп, алдағы күнде атқарылар жұмыстар жайын баяндаған болатын.
-Өткен жылы бөлімшенің жеке шаруашылығы есебінен ірілі-ұсақты бірнеше станциядағы теміржол вокзалы ғимараттарына бірнеше маңызды жұмыстар атқарылды. Мұндай ақпараттар дер кезінде көпшіліктің құлағдар болуына мүмкіндік жасалып салалық газетте ақпарттар берілді. Мәселен көктем айларында шаруашылық есебімен 500 бен 7800 шаршы/метр көлемдегі Төретам, Жаңақорған, Сексеуіл, Жосалы, Арал теңізі, Қазалы, Шиелі және Қызылорда сынды сегіз вокзалда ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Және де осы жұмыстарды атқару барысында ғимараттардың фасадты-хас бетімен қоса ішкі бөліктеріндегі жөндеу қажет ететін бөліктеріне де жөндеу, күтім шаралары жасалды,-дейді вокзалдар бойынша атқарылған жұмыстар жайлы бөлімше директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Жандарбек Өтегенов.
Сонымен қатар жөндеу жұмыстары кезінде барлық вокзалдардың қоршауларын әкпен ақтау, қоқыс жәшіктерін, клумб қоршауларын сырмен бояужұмыстары атқарылып жолаушыларға қызмет көрсететін вокзалдардың ішкі-сыртқы жағдайы қанағаттанарлық дәрежеге келтіріліпті. Мұнан бөлек Арал теңізі, Қазалы, Шиелі, Қызылорда және Жаңақорған теміржол вокзалдарындағы жаяу жүргіншілердің 31 дана өткел жолы жөнделіп, күтімге алыныпты.
Ғасырдан аса тарихы бар Қызылорда станциясының теміржол вокзалының пандустарын стандарттық талапқа сәйкес келтіріп кемшілікті жою үшін Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі тарапынан жұмыстар атқарылыпты. Мүгедектерге арналған пандустарды стандартқа сай етіп ретке келтіру жұмыстарына қажетті қаражатты бөлімше басшылығы шаруашылық негізінде тауып мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұру жағдайларын қамтамасыз етуге 500 метр сым, 3 тонна цемент, 15 тонна қиыршық тас және 10 килограмм сырлы бояу жұмсаған. Сонымен қатар облыс орталығындағы вокзал ғимаратының жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалған.
-Ағымдағы жылы Жосалы станциясындағы теміржол вокзалы шатырына жөндеу жұмыстары жасалып Қызылорда, Қазалы және Жосалы вокзалдарының қасбеті шаруашылық әдісімен жөнделетін болады,-дейді Жандарбек Өтегенов.
Осылайша, алдағы уақытта бөлімше есебіне кіріктірілген ғасырдан тарихы бар көне жәдігерлік ғимараттар заманауи сәулетке енгізіліп онда жолаушыларға қызмет көрсету сапасы арта түспекші.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды