Дүржановтар династиясының өкілі

Жаңалықтар
16.01.2018, 14:25
Оқуға 3 мин
Темірдей тәртіпті талап ететін саланың сенімді күші – кәсіби білікті мамандар. Өз ісінің шеберлері сала жетістігін арттырып, дамытуда күш салып келеді. Бұған тек теміржол саласында кең қанат жайған династия дәстүрі  өз ықпалын тигізуде. Атырау теміржолшылары арасында Дүржановтар династиясы кеңінен таныс.  Әулет басшысы  Жұбаныш Дүржановтың  отбасындағы тоғыз баланың сегізі бүгінде ата-ана жолын жалғастыруда. Солардың бірі,  Алмажай Жұбанышқызы  «ҚТЖ»ҰК»АҚ  филиалы –  Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты  Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы  болып қызмет етуде. Өткен жылы  бір салада 30 жылдан астам еңбек еткен сала маманы  өндіріске енгізген  тиімді жобалары үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.     Алмажай қызметін 1983 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Гурьев жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастапты. Бір жылдан соң  мекеменің жолдамасымен  Алматы көлік инженерлері институтына оқуға түсіп, бес жылдан соң  туған қаласына қайта оралып, жұмысын Гурьев жол дистанциясында техник-технолог  болып жалғастырады, бірнеше жылдан соң инженер-технолог болып ауысады.  Ал 1997 жылдан бері  Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы болып қызмет етуде. Осы жылдар ішінде өзінің жоғары білікті басшы және шебер ұйымдастырушы екенін дәлеледей білген  Алмажай Дүржанова өзге әріптестерінен несімен ерекшеленеді десек, ол  жол шаруашылығына енгізілген «Oliver Wyman» компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін басқару және жол инфрақұрылымдарын пайдаланудың жаңа жүйесін өндіріске тиімді енгізуге елеулі үлес қосқан маман ретінде бағаланады. Нәтижесінде  жаңа жүйенің арқасында 2128 түйіспе жойылып,  соған байланысты рельс ақаулылықтары азайды, жолдың түзулігінің 4,5 дәрежедегі кемшіліктері, жолдың отыруы, жолдың қиғаштығы, пойыз жүрісінің жатықтығы жақсарды, жолдың үстіңгі құрылымының материалдары бұрынғыдай емес жақсы сақталатын болды.   Бұдан өзге  Алмажай Жұбанышқызы  бірталай  рационализаторлық ұсыныстардың авторы болып табылады. Айталық, оның  «Рельс температурасын өлшеу стенді», «Отын шпалдарынан жасалған құм басу және қар басу құрылғысы»,   «Бағыттама бұрманы қолмен бекітетін құрылғы»,  «Уақытша сигнал қалқанын бекітуге арналған құрылғы», «Рельс бекітуге арналған құрылғы»,  «Жалауы бар ішпек»,  «Локомотив аялдайтын жерлерде геотекстиль төсеу» секілді  рациоанализаторлық ұсыныстары   өндіріске енгізіліп, авторлық сыйақыға ұсынылды. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ ғылыми-техникалық ақпараттар және сараптама орталығы оны «Белсенді рациоанализаторлық еңбегі үшін» Құрмет грамотасымен марапаттады. –Алмажай Жұбанышқызының еңбекқорлығы кімді болса да тәнті етпей қоймайды. Отыз жылда өзі ғана өсіп қойған жоқ, бай білімі мен тәжірибесін дистанция жұмысын ілгері бастыруға жұмсады. Қанша жас маманды тәрбиелеп шығарды. Сол жас буынды теміржол саласында қызмет етуге ынталандырып, олардың білікті маман болып қалыптасуына  еңбегі сіңді. Бүгінде жол дистанциясында Алмажайдың тәжірибесі, тиімді өнертапқыштық ұсыныстары кең қолданыста.  Осы еңбегінің арқасында  2004 жылы  «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталса, өткен жылы «Құрметті теміржолшы» белгісін алып,   біздің ғана емес,  бүкіл  Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ғана емес, дүйім Атырау теміржол бөлімшесінің мерейін үстем етті,–  дейді Атырау жол дистанциясы басшысы Аманқос Жылқыбаев.    «Еңбек – ер атандырады» деген рас сөз. Әулет кәсібіне адалдығы, өз мамандығына сүйіспеншілігі осынау нәзік болмысты әйел затын жігіттің жігітіне сын жол шаруашылығының жұмысын ұршықтай үйіріп қана қоймай, дараланып танылуына ықпал еткені анық. Ер азаматтан несі 

Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды