Торқалы тоқсан жаста
Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жасы жүзге аяқ басқан ардагер теміржолшылардың бір шоғыры бар. Сондай қазыналы қарттың бірі, 16 жасында теміржолға келіп, салаға ғұмырының 44 жылын арнаған қадірменді қария Әнуарбек Әбділдаұлы жуырда торқалы тоқсан жасқа толды.
Ақсақалды өзі зейнеткерлікке шыққан Семей белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Бейбіт Түменғали мен осы мекеменің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Түрксіб-Семей мұражайының директоры Мақсұт Көшжанов әріптестерінің атынан арнайы барып құттықтады.
Әнуарбек Меденов 1928 жылдың төлі. Іргесін теміржолшылар қалаған Шар қаласында өмірге келіп, алғашқы еңбек жолын да осы шаһарда, шойынжол саласынан бастапты. Тұңғыш рет 1944 жылы сәуір айында 16 жасында жұмысқа қабылданады. Өрімдей бозбала жүк пойызының тексеруші-контролері болып, соғысқа аттанған теміржолшылардың орнын басқан. Сол бір естен кетпес суық жылдар естелігі жайында сыр өрбіткен қария бүгінгі таңдағы теміржол саласының жетістігіне дән разы. Жасы тоқсанға келсе де санасы сергек, көзі өткір қарт телеарна жаңалықтарын қалт жібермейді екен. Өзін құттықтай келген әріптестерін қуана қарсы алып, амандық сұрасып, әңгіме өрбітті.
–Теміржол саласында еңбек етіп жүргенімде естен кетпес үш жағдай болды. Үшеуінде де пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтап, жойқын апаттардың алдын алдым. Екі мәрте морт сынған рельс ақауын анықтап, басшылықтан алғыс алдым. Бір рет жылжымалы құрамнан ағытылып қалған вагондарды алыстан жазбай танып, дер кезінде ақаулықты қалпына келтірдік, – дейді қария өткен күндерден сыр шертіп.
Әңгімешіл ақсақал өзі бірге қызмет атқарған басшылар мен әріптестері, байырғы мекеме жетістігі жайында да тұщымды әңгіме өрбітті. Қарт теміржолшы кейіннен №6 жол айрығында механик, монтер болып еселі еңбек етіп, аймақ теміржолының өркендеуіне елеулі үлес қосқан, өңірі медальдарға толы. Қазіргі күнде денсаулығы мығым, қимылы ширақ ақсақал өзінің жолын жалғастырып, теміржолдың жол шаруашылығында жиырма жылдан астам еңбек етіп келе жатқан немересі Русланның қолында бақуатты өмір сүріп жатыр. Ұрпаққа тілекші. Өз кезектерінде қарияны 90 жасымен құттықтап жылы лебіз білдірген Бейбіт Түменғали мен ақсақалдың замандасы Мақсұт Көшжанов мерекелік сыйлық тарту етіп, абыз қарияның иығына шапан жапты.
Қуаныш Қожаев, Семей
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды