Бақылауда – бүйір рамасы

Жаңалықтар
23.01.2018, 12:42
Оқуға 2 мин
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша «Бүйір рамасын бақылау» төрт айлығы өткізілуде. Жүк тасымалы мен транзиттік пойыздардың қозғалыс жиілігінің артуына орай желі бойындағы жұмыстар жүйеленіп, шұғыл тексеру және тиісті шара қабылдау ісіне мән берілуде. Әсіресе, вагон шаруашылығы мен локомотившілер, пойыз құрастырушылары жұмысы бойынша арнайы акциялар өткізіліп, ілкімді шаралар қолға алынуда. Әрине, қай кезде де қыс мезгілі Шығыстағы вагон қараушылары үшін үлкен жауапкершілік ала келеді. Себебі, ауа температурасының күрт төмендеуі жүк вагондары арбасының құйма бөлшектері мен бүйір рамаларының аязға шыдас бермей морт сынуына немесе  жарықшақтануына алып келеді. Міне, осы орайда өткен желтоқсан айының 15-нен сәуір айының 15-не дейінгі аралықта «Бүйір рамасын бақылау» атты күшейтілген режим орнатылып, төрт айлық өткізілуде. Ал, бұл ретте бөлімше бойынша ревизорлық бригадамен қатар басшылық құрамнан тұратын арнайы комиссия желі бойында рейдтік сапарларға шығып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Көзделген мақсат – жүк вагондары арбасының құйма бөлшектерінің сынуының алдын алып, пойыз қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталмыш тоқсандыққа орай әсіресе, вагон шаруашылығына баса көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, бірінші кезекте, вагондарды жөндеу мен қабылдап алу, станцияға келіп тоқтаған жылжымалы құрамдарды тексеру ісі қатаң қадағалауға алынды. Сол тәрізді бүйір рамаларын дефектоскопиялық тексеруден өткізу мен техникалық күтім бекеттеріндегі кешенді жұмыс та қатаң назарда. Ол мақсатта арнайы құрылған инструкторлық құрам мүшелері кезекшілік атқаруда. Бір бұл емес, әсіресе ірі станцияларда локомотив бригадалары мен пойыз құрастырушылары арасында тиісті инструктаждар өткізілуде. Осынау бағыттағы атқарылып жатқан іргелі шаралардың барлығы да бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың тікелей қадағалауында алынған. Осы орайда бөлімшенің басшылық құрамынан тұратын комиссия мереке күндерінде де желі бойына шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізуі жоспарланған-ды.     Бүгінгі таңда бөлімшеге қарасты пойыз қозғалысына бірінші кезекте жауапты мекемелер теміржолшылары айлықтың талабымен толық таныстырылған. Аталмыш бағыттағы шаралар қызметкерлердің қырағылығын арттырып, жұмыс барысында сергек әрі бабында болуларына ықпал етеді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті