Ұжымдық шарт талқылануда
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық компания бойынша күшіне енген ұжымдық шарт мазмұнын семейлік теміржолшылар арасында да кеңінен түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Өткен апта соңында бөлімше басшылығы салалық кәсіподақ комитетінің өкілдерімен бірге желі бойына шығып, шалғайдағы жол айрықтары да ақпараттандырылып, ұжымдық шарт қызу талқылануда.
Мұндай басқосулар алғашқы кезекте Аягөз, Жарма, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Шар, Дегелең, Жаңасемей сынды бірқатар ірі станцияларда ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Локоть-Семей бағытындағы Ауыл, Белағаш, №41 разъезд, Дүйсекен тәрізді шағын станциялар да тыс қалмады. Ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Семей ЖТ бөлімшесі және Семей магистральдық желі басшыларынан тұратын мобильді үш топ құрылған болатын. Бұл бағыттағы шараларға бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы тікелей жетекшілік етіп, назарда ұстап отыр.
Теміржолшылардың кәсіби және әлеуметтік өміріне қатысты маңызды тақырып болғандықтан, жиындарға қатысушылар саны мол болды. Сәйкесінше, қарапайым еңбеккерлер тарапынан сауалдар да көп қойылған. Әсіресе, жалақы мөлшерінің өсуі, зейнеткерлік жас, нормалық жұмыс сағаты төңірегінде қызу әңгіме өрбіді.
Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Асхат Жармұхамбетовтың айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған аталмыш құжаттың бұрынғысына қарағанда біршама айырмашылығы бар. Бірінші кезекте, бұл жолғы ұжымдық шартта еңбек құқығын қорғау, еңбекті қорғау, еңбеккерлер мен олардың балаларының денсаулығын нығайтуға байланысты әлеуметтік кепілдіктер қатары артқан. Сондай-ақ, материалдық көмек пен жәрдемақылар көлемі өсе түскен.
–Баса атап өтер жайт, алдағы үш жылға арналған жаңа құжатта кәсіподақ ұйымдарының рөлі күшейтіліп, қызметкерлердің әлеуметтік, материалдық һәм моральдық әлеуеттілігін арттыруға басымдық берілген. Сондай-ақ, жұмыс беруші тараптың міндеттерін де айқындай түседі. Сондықтан болар, желі бойында өткізілген жиындар барысында теміржолшылар ұжымдық шарт міндеттемелеріне қанағаттанатындықтарын жеткізіп, тиісті құжат талаптарының орындалуын қадағалауымызды өтінді, – дейді Асхат Қажмұхамбетұлы.
Жаңа ұжымдық шарттың тағы басқа да ерекшеліктеріне тоқталсақ, теміржолшылар мен олардың балаларына көрсетілетін бір реттік материалдық көмектің айлық есептік көрсеткіші өскен. Сондай-ақ, зейнеткерлерге арналған жәрдем мен бір реттік көмек бойынша да біршама айырмашылықтар бар.
Кәсіподақ басшылығының айтуынша, толықтырылып, жаңартылған құжаттың нұсқасында Семей ядролық сынақ полигоны сынды экологиялық апат аумағында туып-өскені туралы куәлігі бар немесе осы аумақта тұратын теміржолшылардың статусы да нақтыланған. Бұл ретте барлық заңнамалық, құқықтық-нормативтік актілер қағидаттары толық сақталып отыр.
Қазіргі күні бөлімшенің кәсіподақ ұйымы мүшелері үш жылға белгіленген жаңа құжатты толық зерделеп, қажетті пункттердің астын сызып оқып, тіпті маңызды тарауларды жаттап та алып жатыр. Бұл орайда, еңбеккерлер мүддесі үшін құқықтық мәні бар, жиі қозғалатын бөлімдер бойынша арнайы брошюралар әзірлепті. Яғни, жаңа ұжымдық шарт бойынша толық сауаттылық талап етілуде.
Ал, алдағы апталарда «Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досановтың тікелей төрағалығымен арнайы кеңес өткізіліп, жаңа ұжымдық шарт бойынша жүргізілетін жұмыстар барысы кеңінен пысықталмақ.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті