Орнында бар оңалар...
Маңғыстау вагон пайдалану депосының операторы Қызғалдақ Панабекованың тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды. Осыдан он екі жыл бұрын шиеттей баламен жесір қалған уыздай жас келіншектің жолдасы Жәнібек осы депода вагон қараушы болған...
– Бүгінде баларым өсті, құдайға шүкір деймін, алды тұрмыста, кішісі 13 жаста. Әкелерінің жоқ екенін білдірмей, ештеңеден тарықтырмау үшін осы жылдар ішінде демалмадым десем болады. Кейде ауысымға шығар адам болмай бірнеше күн демалмай жұмыс істеген кездерім болды. Жаңа жылда, мереке күндері жұмыста жүреміз, жұмыстың аты жұмыс. Балаларымды әжелеріне тастап, күндіз де, түнде де жанбағудың қамымен жұмыстан қалған емеспін,– деген Қызғалдақтың тек жолдасы ғана емес, өзі де теміржолшының қызы, теміржолшының немересі. Кезінде атасы Ахмет Панабеков вагон қараушы болса, әкесі Зулкаир Панабеков тепловоз жүргізген екен. Ал бүгінде вагон депосының үлкен-кішісі оны тек өз міндетіне ұқыпты, кәсібіне адал жұмыскер деп қана емес, кешегі көз көргендер жолдасымыз Жәнібектің жесірі, балаларының анасы, ошағының отын сөндірмей отырған шырақшысы деп те сыйлайды, құрметтейді екен. «Аттың орнын тай басар» демекші, Жәнібектің ұлдары да азамат болып әкелерінің орнын басар дәрежеге жетіп отырғаны осы нәзік те болса қайсар рухты келіншектің арқасы, өмір сүруге деген құлшынысы екенін бәрі жақсы түсінеді. «Орнында бар оңалар» деген осы шығар...
–Жолдасым Жәнібек Маулимханов 2005 жылы осында екі вагонның арасында қалып қаза тапты. Вагонның ортасын қарап жатқанда вагондарды жіберіп қалып, 12 вагон келіп соғады. Кішкентайым сонда 11 айлық. Мамандығым мұғалім. Декреттік демалыста отырған едім. Ол оқиға қыркүйекте болса, мен қазан айынан бастап осында оператор болып жұмысқа тұрдым. Өзімді Жәнібектің ісін жалғастырып осы ұжымда болуым керек деп шештім. Бүгінде сондай әрекеттің қайталанбауы үшін пойыз хабарлануымен жолға қоршау қоямын. Кейде кейбір вагондар қалып қойып, кейіннен қосылып немесе артық болып алып тасталып жатады. Қоршау қойсам кезекшілер мұндай жұмыстарды жасай алмайды. Вагон қараушылардың өміріне де қауіп төнбейді,– дейді Қызғалдақ Панабекова.
Сондай-ақ ол қай пойызға қанша уақытта қарау керек екені бойынша уақыттарын белгілеп кесте сызады. Қаралып болған вагондардың дайындығын беріп, пойыздың кететінін ескертіп, вагон қараушыларды сақтыққа шақырады. Табылған ақаулықтарды тиісті адамдарға жеткізіп, ағытылуы тиіс вагондарды компьютерге енгізеді. №1,2 жолдардан басқа 18-жолға дейін қоршау қойып, дайындығын беріп отырады. Бастысы жұмысы өзіне ұнайды. «Міндетім қоршау, кесте, хабарлау. Сол үшеуін дұрыстап атқарсам қауіп те жоқ, көңілім де тоқ», – дейді Қызғалдақ.
Шахизат Сарина,
Маңғыстау
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті