Бейнеуде өткен басқосу

Жаңалықтар
26.01.2018, 11:49
Оқуға 2 мин
Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры, «Нұр Отан» партиясының «Маңғыстау темір жолы» БПҰ төрағасы Болат Дүйсәлиев Бейнеу станциясында болып, тораптағы  теміржолшылармен кездесті. Кездесу мақсаты – ел Президентінің «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын бейнеулік теміржолшылармен талқылап, түсіндіру.      Басқосу Маңғыстау вагон пайдалану депосының Бейнеу техникалық қызмет көрсету пунктінде және Маңғыстау локомотив депосының айналым депосында өтті. Елбасы Жолдауының бағыт-бағдарын халыққа жеткізуде жиынға қатысқан бөлімшенің бас инженері Қарақат Жақанов пен магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Аслан Назаров та атсалысты.  –Жолдаудың теміржолшылар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейтін бөлімі көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру деп аталады. Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридорөтетіндігін, жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтағанын айта келе Елбасы транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді. Сол міндетті орындауда Маңғыстау теміржолы, соның ішінде 4 бағытта торапты жолдары бары Бейнеу станциясының орны бөлек, - деді Маңғыстау жол бөлімшесінің бас инженері.         Жолдаумен қатар теміржолшылар өткен  жылдың жұмыс қорытындысын талқылап, компания басшылығы белгілеген жаңа тапсырмалар мен алдағы міндеттер туралы да ақпарат берілді.  

Шахизат Сарина

 
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті