Сапа өндірістік шеберханадан басталады
Жаңалықтар
30.01.2018, 12:16
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік шеберханасында қауырт жұмыс жүріп жатады. Мұндағы шеберлердің қолынан дистанциядағы құрылғылардың дені өтеді. Демек, жұмыс сапасы осы өндірістік шеберханаға байланысты десек, қателеспейміз.
Өндірістік шеберханада Жосалы мен Түркістан станциялары арасындағы дистанцияға қарасты барлық телімдерден, цехтардан келген байланыс құрылғылары жөндеуден өтеді, өлшем құралдары сынақтан өткізіліп, жұмысқа жарамдылығы тексеріледі. Себебі, бір айдың ішінде 707 дана құрылғыны жөндеп, бақылаудан өткізген электромеханиктер былтыр 5183 байланыс және белгі беру құрылғысын жөндепті. Жыл ішінде осыншама құрылғыны қолдан өткізген шеберлердің жұмыс орнын көзбен көріп, көңілге тоқу үшін дистанцияның өндірістік шеберханасын көріп қайтқан едік.
Дистанцияның бас кеңсесі бой түзеген аймақтан бөлек орналасқан өндірістік шеберханадағы жұмыс контактілі және контактісіз құрылғыларды жөндейтін цех болып негізгі екі топқа жұмылдырылған екен. Шеберханадағы жұмыстарды ретке келтіріп, үйлестіру – аға электромеханик Жасұлан Ерназаровқа жүктелген. Аға электромеханиктің басшылығымен шеберханада АЖТ цехы, метрология, мотор, электрожетек, электромотор, понаб-КТСМ тобы, жүргізушілер тобы сынды өндірістік топтарға бөлініп, «майдан қыл суырған» электромеханиктер мен темірден түйін түйетін токарлар, темір мен болатты қамырдай илейтін дәнекерлеушілер қосылып еңбек көрігін қыздыруда.
Жарық та кең залда екі қатар тізілген столда кілең ақ халатты электромеханиктер жұмыс істеп жатыр. Мысалы, Қуаныш Жоламанов ДСШ-13А құрылғысын тексеруден өткізіп жатса, Гүлжауһар Кенжеғұлова ТШ-65 құрылғысын кезекті сынға әзірлеуде, Клара Каналиева дәнекерлеу жұмысын жасауда, ал Сәбира Сқақова ТШ-65 -тің тетіктерін бекітуде, шеберханадағы ең тәжірибелі электромеханик Ләйла Ахметова Қаршыға Оразовамен құрылғылармен жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісуде.
–Бұл - АЖТ цехы, яғни, аспаптарды жөндеу тобының жұмыс орны. Мұндағы әр электромеханик өзіне тапсырылған құрылғыларды ретімен сынақтан өткізіп, оларды қайта жөндеп, қайта тексеруге салып, қашан жұмысқа дайын жағдайға келгенше құрылғының әр жерін сынақтан өткізеді. Өткен жылы өндірістік шеберханадан 5183 дана құрылғыны жөндеуден өткіздік. Жөндеуге келетін релелер контактылы және контактысыз болып екіге бөлінеді. Әрі олар жұмыс жасау мерзіміне қарай жарамдылығы 1 мен 15 жыл арасын қамтиды. Мәселен, бір жылдық реле 2017 жылдың қаңтар айында жөнделген болса, онда оны биылғы жылдың қаңтар айынан қалдырмай міндетті түрде алмастыру керек. Сонымен қатар біздер өткен жылы 57 электрожетек, 148 электроқозғалтқыш секілді байланыс құрылғыларын кезекті жөндеуден өткіздік,– деді аға электромеханик Жасұлан Ерназаров.
Құрылғыларды жөндеу цехынан кейінгі Метрология өндірістік бөлімінде өлшеу құралдарын тексеруден өткізіп, олар жайындағы белгілерді компютерге енгізіп отырған электромеханик Бауыржан Абайдуллаев пен Расул Алмасбаевты жолықтырдық. Мұнда да қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға бағытталған байланыс және белгі беру құрылғыларының қай уақытта жөнделіп, өлшемнен өткені, зертханалық сынаққа қай мерзімде келу керектігі жазылады. Кесте бойынша тексеріліп, өлшемнен өтуі тиіс құрылғылардың тізімі тіркеуде тұрады екен.
–Метрология тобы шеберханада амперметр, вольтметр, мегаомметр, ампервольтомметр секілді өлшеу құралдарымен қоса өзге де құрылғыларды салыстырмалы түрде тексеруден өткіземіз. Дистанция бойынша тексеруден өткізілетін 1590 дана өлшем құралы бар. Бұл құралдардың ішінде өзіміздің аккредиттелген зертхананың тексерісінен 1034 дана өлшем құралы өткізіледі. Құрылғылардың кейбірі НацЭкС, АБтранссервис секілді мекемелерден тексерістен өтеді. Біздің топтың жұмысы Жосалы – Түркістан станциялары аралығындағы телімдерден, цехтардан жөндеуге келген өлшем құралдары мен кесте бойынша өлшем уақыты келгендерін елеп-екшеп тексеруден өткізіп, қолданысқа жарамдылғын анықтау,– дейді электромеханик Бауыржан Абайдуллаев топтың жұмысы жайлы.
Метрология тобы өткен жылғы бекітілген тапсырмаларды толық атқарып, барлық өлшем құралдарын дер кезінде сынақтан өткізіпті. Өлшем жұмыстары биыл да жалғасуда екен. Мәселен қаңтар айының екі онкүндігінде топтың сынағынын 64 дана өлшем құралы өткізілген. Ал өндірістік шеберханасының электрожетек және электроқозғалтқыш жөндеу цехында электромеханиктер Болат Иманбаев, Нұржан Шамшадинұлы мен Ермек Бейсенәлиевтер кезекті электрожетекті жөндеуден өткеріп, жетектің жұмысын бақылаудан қайта тексеруге дайындауда екен. Бұл цехтардан өткен жылы 57 жетек жөнделіп телімдерге жөнелтілсе, 148 электроқозғалтқыштың басым бөлігі тәжірибелі маман Болат Иманбаевтың жөндеуінен өткен. Жалпы, дистанция шеберханасынан аталған құрылғылардан бөлек жай отынан қорғайтын реттегіштер, түрлі жарамдылық мерзімімен жұмыс жасайтын релелер, диоэлектрлі қолғап, жарық шамдар, генераторлар жалпы айтқанда жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға арналған байланыс құрылғылары жөндеуден өткізіліп, жөнделгені тексеру сынағынан өткеріліп, өндірістік қолданысқа жарамдылығы анықталады. Демек, дистанция жұмысының сапасы ең алдымен өндірістік шеберханадан басталатынын өз ісінің кәсіби мамандары жақсы түсінеді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды