Отын-энергетикалық ресурстағы оң өзгеріс
Жаңалықтар
30.01.2018, 12:21
Пойыздар тартымына бірінші кезекте ықпал ететін жайт – отын-энергетикалық ресурс екені белгілі. Бұл тарапта Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өткен жылғы жанармай қолданысына жүргізілген сараптама қорытындысына сүйенсек, біршама елеулі жаңалықтар бар екен.
Ерекше тоқталатын жайт, өткен жыл бойынша дизельдік шығынның салыстырмалы нормасы 26,75 кг/10 мың.т.шқ. брутто болса, орындалуы 27,52 кг/10 мың. т.шқ. бруттоны құраған. Бұл дегеніміз, қомақты қаржы саналатын 1332 тонна жанармай артық жұмсалды деген сөз.
Мамандар сөзіне сүйенсек, отын шығынының асып кетуіне бірқатар позитивті факторлар себеп болған. Оның ең бастысы – бруттодағы жүк айналымының 101,7%-ға өсуі болып отыр. Сонымен қатар, қосымша факторлар да айтарлықтай ықпал еткен. Мәселен, қозғалыстың шаруашылық түрі біршама ұлғайған. Яғни, локомотивтер жол техникасымен жұмыс істеуге тартылып, шығыс 790,6 тоннаға өсіпті. Сондай-ақ, жолаушылар қозғалысының артуы да жанармай қолданысына елеулі түрде әсер еткен. Бұл ретте, күнделікті айналымға қосымша жолаушылар пойыздары - №67/68, №69/70 пойыздар қосылып, жанармай шығынының көлемі 397,6 тоннаға көбейгені анықталып отыр.
Жалпы, мұндай оң сипаттағы мысалдарға көптеп тоқталуға болады. Атап айтсақ, бөлімше бойынша жүк айналымының артуына байланысты 1,2-ші класты тораптық станциялардағы маневрлік локомотивтер саны да артқан. Осы ретте 209,5 тоннаның жанармайы артық қолданылыпты.
Тоқтала кетер тағы бір жайт, отын-энергетикалық ресурс бойынша бұл көрсеткіштерден басы артық шығындарға орын берілген жоқ. Сол тәрізді қол сұғу мәселесі де тіркелмеген. Қауіпсіздік шаралары мақсатында барлық тепловоздар дерлік энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Локомотивтердегі энергодиспечерлік тартымды анықтайтын АСУ ЭДТ құралдары да жанармай жұмсаудың есебіне адамның рұқсатсыз кірісуіне жол бермейтін бірегей мүмкіндік.
Өткен 2017 жылдың жалпы көрсеткіші бойынша отын-энергетикалық ресурстың жұмсалуына жүргізілген сараптама жұмыстары осы тәрізді бірқатар жайттарды анықтап, қосымша фактілерді нақтылап берді. «Шығынсыз кіріс жоқ» деген халық нақылын берік тұтқан семейлік теміржолшылар бұл көрсеткіштерден тек оң нәтижелер ғана анықталғанына қуанышты. Атап өтерлігі сол, жұмсалатын шығындар бойынша мұндай ерекшелік соңғы жылдары орын алмаған болатын.
Қуаныш Қожаев, Семей
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды