Қоғамдық қабылдау өткізді
Жаңалықтар
30.01.2018, 12:35
Сыр өңіріндегі теміржол саласы еңбеккерлері мен тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап, олардың өтінішіне құлақ асып оңтайлы шешім қабылдау үшін өткізілетін қоғамдық қабылдау былтырғы жылы тұрақты жүргізіліп, биыл қайта жалғасын тапты.
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Теміржол» филиалы төрағасы Аманкелді Арысбаев төрағалық жасаған тұрақты жұмыс комиссиясы мүшелері өткен аптада алғашқы қоғамдық қабылдау өткізді. Бөлімше басшысының бүгінгі қабылдауына жазылғандар қатарында салада жұмыс жасайтын теміржолшылармен қатар жергілікті тұрғындар да көп тіркелген екен. Олардың сұрақтарын тыңдаған комиссия мүшелері түйінді мәселелерін талқыға салып, оңтайлы шешудің жолдарын қарастырып, қолайлы мүмкіндіктерді іздеді.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әрине, әлеуметтік негіздегі мәселелермен келген. Бірі жұмыс сұрайды, бірі отын, бірі көмір сұрайды, кейде тіпті даулы мәселелерін шешіп беруге де қоғамдық қабылдауға жүгінетіндер табылады екен. Комиссия мүшелері қабылдаған жандардың қай қайсын да жауапсыз қайтарған жоқ. Олардың шағымдарына орай тиісті қолдау шаралары қарастырылып, шешу жолдары белгіленді. Сексеуіл локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып жұмыс жасап, зейнетке шыққан теміржолшы қазіргі уақытта көп балалы отбасында тұрақты жұмыс жасайтын ешкім болмағандықтан, бөлімше басшысына отбасы мүшелерінің бірін жұмысқа орналастыруға көмек беруін сұраған. Комиссия көп балалы отбасына көмек беру қажет деп тапты. Қоғамдық қабылдау тұрақты белгіленген кесте бойынша жыл бойы жалғасын табатын болады.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды