Жолаушылар легі  миллионнан асқан

Жаңалықтар
30.01.2018, 12:42
Былтыр Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің балансына өткен Маңғыстау темір жол вокзалында бұрын-соңды кездеспеген жаңалық орын алып, өткен жылы вокзалдан сапар шеккен жолаушылар саны миллионнан асты.Бұл көрсеткіш «ЭКСПО» көрмесі кезінде қатынаған жолаушылар санының артуы мен соған орай қосымша пойыздардың іске қосылуынан жоғарылап отыр деп болжам жасайды мамандар.   –     2016 жылы 800 мың жолаушы келіп-кетсе, 2017 жылы жолаушылар легі 1 миллион 2 мың  444-ке жетті. Орташа есеппен күніне 2,5 мыңнан астам адамды құрады. Соның есебінен есепті мерзімде вокзалдағы ана мен бала бөлмесін және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны пайдаланушылар қатары да көбейді. Былтыр бұл қызметке 25 ана мен 40-қа жуық кемтар жан жүгінді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға вокзал қызметкерлері қажетті көмекті көрсетті, – дейді вокзал бастығы Айгүл Әмірова. Оның айтуынша, осыған дейін вокзалдың қауіпсіздігін қадағалау бойынша 20 бейнебақылау құрылғысы болған. Бүгінде жаңадан тағы  19-ы орнатылуда екен. Сондай-ақ, нысанның шатырын түгел ауыстыру жұмыстары да таяу күндері басталмақ. Қажет қаражаты өткен жылы бөлініп, тиісті материалдары алынған.  Оған қоса өткен жылы перрондардың 25 шаршы метрдей аумағына, пандустарға жөндеу жүргізілген. –2017 жылы бізде бірқатар өзгерістер болғаны белгілі. Алдымен вокзал Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің балансына өтті. Ішкі-сыртқы әрлеу, жөндеу жұмыстары жасалды. Сынған, бүлінген жерлері қалыпқа келтірілді.  Ғимарат жеке кассалар мен өзге де кәсіпкерлік нысандаран босатылып, күту залының аумағы кеңейтілді. Кіріс және шығыс есіктеріне бақылау құрылғысы орнатылды. Құрылғымен әр кезекте 9 адаммен тәулік бойына жұмыс ұйымдастырылуда. Енді вокзалға күрделі жөндеу жұмыстары және жаңа ғимарат салу мәселесі ойластырылуда,– деген А.Әмірова вокзалдағы кассалардың жұмыс кестесінің, жол жүру құнының қаңтардың бірінен бастап өзгергенін де айтады. Бірінші касса таңғы 11.30-23:30, екінші касса 9:00-21:00, үшіншісі 8:00-20:00 аралығында ашық тұрады. Бұрынғы кесте бойынша соңғы касса 22:30-ға дейін жұмыс жасаған. Ал билет бағасы болса, 7 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде жол жүру құжатын броньдау, топ болып бір вагонға тапсырыс беру, қайтару, т.б. қосымша қызмет түрлерінің де құны өскен.

Шахида Жұман

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды