«Мөлдір бұлақ» миссиясы жалғасуда
Жаңалықтар
30.01.2018, 12:45
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Теміржолсу» АҚ Магистральдық желі дирекциясымен бірлесе отырып, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырмақ. 2018-2022 жылдар аралығын қамтитын бұл бағдарлама шағын станциялар мен резъездердегі темір жол көлігі еңбеккерлері мен кәсіпорындарды қажетті мөлшерде сапалы сумен қамтамасыз етіп, су тасымалданатын темір жол пункттерінің санын қысқарта түспек.
«Теміржолсу» АҚ құрамына табиғи монополиялардың субъектілері болып табылатын 12 еншілес ұйым кіреді және олар сумен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметтерін көрсетеді. Бұл қызметтердің негізгі тұтынушылары – темір жол кәсіпорындары, тұрғындар, бюджеттік ұйымдар мен өзге де кәсіпорындар.
–2017 жылдың қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша Қоғам 185,6 млн теңге мөлшерінде пайдаға қол жеткізді. Кірістің өсіп, сәйкесінше пайданың молаюы, бірінші кезекте, Қоғамның орталық аппараты тарапынан еншілес ұйымдардың негізгі қызмет түрлері бойынша тарифтер деңгейіне түзету жасап, сондай-ақ, көрсетіліп отырған қызметтердің өзіндік құнын төмендету бағытында тұрақты жұмыстардың жүргізіліп, үнемі бақылауда ұстауы септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар қосымша кірістер тарту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Егер өткен жылдың рейтінгілік бағалау қорытындысы бойынша еншілес ұйымдарды саралайтын болсақ, онда бірінші орын мінберінен «Теміржолсу-Маңғыстау», екінші орыннан «Теміржолсу-Қарағанды» көрініп, ал үшінші мен төртінші орындарды «Теміржолсу-Ақтөбе» және «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС-тері өзара бөліскенін атар едік, – дейді «Теміржолсу» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Мира Темірбекова.
Еске сала кетсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен салалық «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы әзірленіп, ол 2012 жылдан бастап іске асырыла бастаған еді. Өткен жылы алғашқы бес жылдық жоспарын аяқтаған бағдарлама аясында көптеген темір жол станциялары мен разъездер сапалы әрі қажетті мөлшердегі сумен жабдықталған болатын. Су жоқ жерлерге су құбыры тартылып, ескі құдықтар қазіргі заман талабына сай жаңғыртылып, жаңа келбетке ие болса, көп жерлерде суды тұщыту, залалсыздандыру сияқты тағысын тағы шаруалар атқарылды. Осы шараларды жүзеге асыруға бес жыл ішінде 5,8 млрд теңге жұмсалыпты. Нәтижесінде, тозған негізгі өндірістік активтер қатары 80-нен 26%-ке дейін төмендеп, суды ысырап жасау деңгейі мейлінше азайған, сондай-ақ, нысандарда апаттық жөндеулер саны да қысқарған. Жалпы, мұндай шаралардың жүзеге асырылуы, Қоғамда қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша одан әрмен қарай пәрменді саясаттың жүргізілуіне мүмкіндік бермек.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды