Тексеру құрылғысының пайдасы
Жаңалықтар
02.02.2018, 12:43
Шымкент вокзалына өткен жылдың маусымында келгенмен, қыркүйек айында іске қосылған телевизиялық рентген құрылғысының (NUCTECH tm CX100100TI) жұмысы қандай нәтиже беруде екенін анықтауға тырысқан едік.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖК» АҚ арасындағы келісімшартқа сай Алматы мен Астанада ақпан мен сәуір айларында, ал қалған он үш облыстың вокзалдарында жаздың басынан қолданысқа енгізілген тексеру құрылғысын халық әртүрлі қабылдады. Біреулер дұрыс көрсе, біреулер бекерге уақыт алады деп шағынданды.
Бүгінде осы жұмысқа басшылық етіп жүрген Қанатбек Рамашевтың айтуынша, құрылғының Шымкентке ерте келгенімен, кейін қосылуының себебі лицензияның кешігуінен екен. Яғни, теміржол аталған құрылғыны пайдалану үшін лицензияны үш айдан соң алған. Сондықтан, Шымкент вокзалында телевизиялық рентген құрылғысы 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Үш ай бойы қолға арналған детектор құрылғысымен тексеріп жүрген алпыс маманды Астанадан халықаралық әуежайдан әріптестері келіп, оқытып, сертификат берген.
–Өткен жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін алты дерек тіркелді. Қарашаның тоғызында Нұриддин Қасымов деген жолаушының сөмкесінен Калашников автоматы табылды. Өзі аңға жиі шығады екен. Автомат тәркіленіп, Шымкент станциясындағы ЖІІБ жіберілді. Тексере келе, рұқсаты бары анықталды, бірақ алып жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төледі. Екінші дерек маусымда тіркелді. Артур Сагудинов деген Өзбекстан азаматы біздің елде алып жүруге болмайтын діни кітаптармен ұсталды. «Бхагавад-гита как она есть»деген отыз дана кітабын Өзбекстанға алып өтпекші болған. Шымкент вокзалында тексеру құралынан өтеді деп ойламаса керек. Бұл жолы да тәртіп сақшылары кітаптарды біздің елде алып өтуге тиым салынғанын түсіндіріп, әкімшілік шара қолданды. Қыркүйекте Абылайхан Кенжебеков деген жолаушы газды суық қарумен ұсталды. Міне, осының бәрі тескеру құрылғысының пайдасы емес пе?! Телевизиялық рентген құрылғысында барлық зат анық көрінеді. Сөмкенің қай бұрышында қандай ыдыс, қай бұрышынды қандай киім жатқанына дейін. Әдетте жігіттер төбелескенде, қолдарына киіп алатын, төрт саусаққа киілетін корсет қорғану құралын екі рет тәркіледік. Ол затты да алып жүруге тиым салынған. Шымкентке жарысқа келген футболшы орыс қыз қорғану үшін ала келіпті. Бірақ, бұл әрекетінің заңға қайшы екенін білмеген. Оны да желілік ішкі істер бөліміне өткізіп, қыз әкімшілік айыппұл төледі. Кәдесыйлық пышақтар де бірнеше рет ұсталды. Оны қорапсыз сөмкеге салып жүруге болмайды. Пышақтың қалыңдығы, ұзындығы, ойық тұсының бары мен жоғына дейін тексеріледі. Өйткені, ойығы болса, ол суық қаруға жатады. Соның бәрін өлшеп, тексеріп барып өткіземіз. Әйтпесе өтіп жатқан пышақтар көп. Жәй ғана жолаушының өзі нан, ет кесу үшін пышақ алып кетеді,– дейді Қанатбек Қарсыбайұлы.
Шымкент вокзалынан тәулігіне 14 мыңға дейін, он күнде 140 мың жолаушы мен шығарып салушы, билет алушы өтеді екен. Миллионға жуық халқы бар қала десек те, вокзал қалаға келетін жолаушыларға тарлық етуде. Алдағы уақытта қайта жөндеуден өтіп, вокзал үлкейіп, жолаушылар емін-еркін өтпек. Сонда бүгінгідей бірнеше пойыз қатар келгенде немесе кеткенде тексеру құрылғысының айналасына халық топырлап, кептеліс болмайтын болады. Сонымен қатар 2018-2019 жылдары сыныптан тыс Арыс станциясы мен туристер көп келетін Түркістан станцияларындағы воказалдар да осы тексеру құралымен жабдықталуы мүмкін. Демек, тексеру құрылғысының пайдасын көрген соң осылай шешім қабылданса керек.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл