Әмбебап маман атану мүмкіндігі
Жаңалықтар
02.02.2018, 12:47
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Тараз вокзалында вокзал бастығы кезекшісінің көмекшісі болып еңбек ететін Динара Төлешова осылай дейді. Әрдайым жүзінде күлкі тұратын маманның өз уәжі бар екен.
–Әрине, вокзалда жолаушы халыққа сапалы қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Кейде жолаушылар арасында әр түрлі жағдайлар болып жатады. Бірі – қуанышқа асығып тойға бара жатады немесе келе жатады, алып-ұшып көтеріңкі көңіл күйде болатын мұндай топтағы жолаушылар кейде шектен шығып кететін де кез болады. Ал енді бірі керісінше, қайғылы жағдайларға душар болып сапар шегіп барады. Біреулер аяқ асты ауырып, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінуге тура келеді. Сондықтан, ондай жандардың да билет тауып беріп рәсімдеу, станцияларда пойыздан пойызға ауысып мінуіне көмектесу сынды өтініш-тілегін орындап, діттеген жеріне аман-есен жетуіне тілеулес боламыз. Тіпті бірде сөйлесе келе ақтарылып сырын айтып, кеңес сұраған жандарды да кездестіргенмін. Қысқасы, өзіңді ұйымдастырушы, дәрігер, психолог тағы бірнеше мамандықта сезінесің. Сондықтан, әмбебап болуға мүмкіндік беретін осы мамандығым өзіме ұнайды, – дейді Динара.
Әр кезекшілікке үлкен жауапкершілікпен келуді әдетке айналдырған елгезек Динараны ұжымдастары да жақсы көреді. Оның үстіне сыйластығы жарасқан ұжымда Динараны «Вокзалдың ақшақары» деп еркелететіндер де баршылық. Себебі, қайсы бір жылы кезекшілікке тура Жаңа жыл қарсаңында түскен Динара әріптестерімен бірге вокзалға келген жолаушыларға тосын сый жасауды ұйғарыпты. Әріптестері бірауыздан «Ақшақар» Динара болады деп, түрлі костюм киген вокзал қызметкерлері Аяз атамен бірге Жаңа жылды қарсы алуға үлгермей жолда болған жолаушыларды құттықтапты.
«Вокзаладағы жолаушыларды құттықтап ыстық кофе сыйладық. Одан бөлек келіп тоқтаған пойыз жолаушыларына да тосын сый жасадық. Өте көңілді болды», – деп жымиды алты жыл осы ұжымда табан аудармай еңбек етіп келе жатқан Динара Хусайнқызы.
Ерман Әбдиев, Тараз
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды