Теміржол мүлкін тонауға жол жоқ
Жаңалықтар
02.02.2018, 12:53
Өткен жылы Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс жүйесіне белгісіз біреулер тарапынан залал келтірілген екі дерек тіркелген. Бұрын-соңды кездеспеген мұндай жағдай ұрлық ретінде пайдақорлық мақсатты ғана көздемейді, қасақана жасалған болуы да мүмкін...
Дистанция бастығының байланыс жөніндегі орынбасары Сағадат Кульшиков неге бұлай ойлайтынын да түсіндіріп өтті. Айтуынша,оқиға жылдың екінші және төртінші тоқсанында болған. Бірінші деректе «Бейнеу-Маңғыстау» телімінің 15-16 разъезд аралығындағы 363 шақырымда 150 метр байланыс сымын қиып әкетіп, 631 мың теңгеден астам шығын келтірсе, екіншісінде Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау-5 елдімекенінің тұсындағы 401 шақырымда жердің астымен өтіп тұрған байланыс сымдарының кабельмен жалғанатын жеріндегі «шкафтың» алқасын бұзып, ішін ашып, сымдарын кескен.
–«Маңғыстау-Бейнеу» теліміндегі ұрлықтың салдарынан сағат 00:50-де байланыс жоғалып кетті. Дереу резервтегі әуе байланысы қосылып, оқиға орнына «әуе байланысын қалпына келтіру» бригадасы келіп жетіп жөндеді. Бізбен бірге Ақтау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де тез жетіп, жұмыстарын жүргізді. Ал 401 шақырымдағы жағдай айдың күні аманда, күндіз болған. Қарапайым тұрғындар оған жақындауға сескенері сөзсіз, тоққа түсіп қаламын деген қорқыныш туындар еді. Әлдебіреу пайдакүнемдік мақсатта істеді дейін десек, ештеңе алмаған. Тек, бұзып, бүлдірген. Сондықтан сымдарды үзіп, құрылғыны істен шығарып, байланысты жоғалтып, біздің жұмысымызға, пойыздар қозғалысына кедергі келтіруді мақсат тұтқан арам ниеттінің болуы да ғажап емес. Дегенмен жүйеде бірі-біріне тәуелсіз екі «канал», яғни қосалқы байланыс жолы болғандықтан бірі істен шықса, екіншісі қосылып, біз зардап шекпедік, – дейді ШЧ өкілі.
Аталған бұзушылықты кімнің жасағаны туралы әлі күнге нақты дерек жоқ екен. Жағдайдың енді қайталанбауы үшін дистанция басшылығы әуе байланыс сымы өтіп тұрған ауылдардың тұрғындары мен жақын маңдағы мекемелерге арнайы шығып, ескерту жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, сол маңда тұратын тұрғындар мен мекеме жұмысшыларынан дистанцияның байланыс жүйесі өтіп тұрған аумақта арнайы жұмыс киімінсіз немесе күдік тудыратын адамды көргендер дереу полицияға хабарласуларын сұраған.
Жалпы мекеме өткен жылды жақсы қорытындылаған. Қазір онда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Мақат-Маңғыстау» жобасы жүзеге асырылуда. Байланыс жүйесін жақсарту бағытында қолға алынған жоба аясында бекет, станциялардағы 1980 жылдардан бері қолданылып келген байланысты қашықтықтан басқаратын құрылғының түгелі жаңартылатын көрінеді. Жоспар бойынша тозығы жеткен әуе байланыс сымдары талшықты түріне ауыстырылып, бір сөзбен айтқанда, жыл соңына дейін жүйе заман талабына сай жетілдірілмек.
–Сондықтан, біз қазір де алдағы уақытта да теміржол мүлкін тонауға жол бермейміз, бұзық ойлылармен қашан да ымырасыз күрес жүргізетін боламыз,– дейді дистанция өкілі.
Шахида Жұман
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды