Еңбек ет те, міндет ет
Жаңалықтар
02.02.2018, 13:04
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ – Шымкент бөлімшесі» филиалының кәсіподақ комитеті мен кадр бөлімінің басшылары тораптық бекеттердегі теміржолшыларға ұжымдық келісімшарттың тиімділігін түсіндіруде.
Бөлімше кәсіподағы комитетінің төрағасы Хайролла Сәрсенов бастаған топ осы тақырыпты кеңінен талқылау үшін Арыс станциясында, локомотив пайдалану депосы мен вагон жөндеу депосында болды.
–2015-2017 жылғы қабылданған келісімшартқа қарағанда, бұл жолғы өзгерістер қандай дегенге келсек, әрине әлеуметтік салаға, денсаулықты жақсартуға қаражат көбірек бөлінгені қуантады. Мәселен, тіс емдеуді айтсақ болады. Ұжымдық шарт бойынша тісті протездеу үшін бұрын алдымен ақшасы төленетін, ал қазір зейнеткер өз ақшасымен тісін емдеткеннен кейін барып тиесілі қаржыны алады. Міне, осы мәселеге зейнеткерлердің көңілі толмауда. Сондықтан, қайта қараса деген ұсыныс айтуда. Ал, отбасында жаңа туылған нәрестеге берілетін қаржы көлемі ұлғайғаны жақсы жаңалық ретінде қабылданып отыр. Келісімшартты арнайы кітапша етіп шығарып, осы құжат негізінде жұмыс істейтін кадр, кәсіподақ, есеп-қисап жүргізетін салаларға таратпақпыз. Қазір отыз данасын шығаруға ұсыныс бердік. Сонымен қатар, электронды нұсқасының көшірмелері берілуде,– дейді Хайролла Амантайұлы.
Сондай-ақ, жаңа келісімшартта кісі қайтыс болған жағдайда берілетін көмек көлемі едәуір азайғаны да сөз болуда екен. Мәселен, мынадай оқиға болыпты. Желтоқсанда жақыны қайтыс болған маман, ол жәрдемді алуға өтінішті қаңтарда береді. Көмек былтырғы ұжымдық шарт құжатына сай берілу керек. Мамандар өтініш биыл жазылғандықтан, жаңа шартқа сай береміз бе, ескісімен бе деп біраз ойланыпты. Яғни ол адам ескі ұжымдық шарт бойынша алса, көбірек қаржы алады, ал жаңа шарт бойынша азырақ алады. Міне, осындай даулы мәселелерді түсіндіру үшін ел ішін аралып, теміржолшылармен кездескен топ еңбек ұжымдары өте белсенді болғанын айтады.
–Теміржолшылардың ұжымдық келісім шарты бұрыннан жақсы жүйеленген. Одақ кезінен келе жатқан кейбір нұсқалар мен жеңілдіктер сақталған. Оның өзі теміржолшының жұмысына деген ынта мен ертеңіне сенімділілік әкеледі. Жақында жалақы он пайызға көбеймек. Тағы бір жағымды жаңалық, бұл жолы теміржолшылар денсаулығын түзеу үшін шипажайда демалуға, ем алуға көбірек көңіл бөлінгені де көптің ойынан шығып отыр,– дейді кәсіподақ төрағасы.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды