Бірлік пен тәуелсіздік нышаны

Жаңалықтар
07.02.2018, 15:58
Теміржолсу-Қызылорда мекемесінің мәжіліс залында Елбасы Жолдауын насихаттап, Астана қаласына деген ерекше құрметті әйгілеу мақсатында «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында теміржолшылардың ерекше жиыны өтті. Сарыарқа төрінде еңсе көтерген сәулетті елорданың Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі ерекше мәртебесін теміржолшыларға кеңінен насихаттау, олардың бас қаламызға құрметін арттыру мақсатындағы кездесуде теміржолшылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Кездесу барысында Теміржолсу-Қызылорда мекемесі, БПҰ төрағасы Марат Шайжан Астананың құрылуы, қалыптасуы, заманауи қарқынды дамып гүлденуімен қатар Елбасы Жолдауында Президент қойған 10 маңызды міндетке тоқтап, саламызға қатысты мүмкіндіктер жайында тарқата түсіндірді. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қаланың көшірілуі саяси батыл қадам екендігін айтты. Астананың алматыдан Сарыарқа төріне көшірілумен еліміздің сыртқы саясаты жаңа мəнге ие болғандығы, Астананың дипломатиялық астана ретіндегі мəртебесі анықталып, əлемдік қауымдастық Қазақстан елордасын əлемдік ауқымдағы саяси оқиғалар арқылы танығандығын нақты деректермен жеткізді. Жиынға қатысушылар өркендеудің, дамудың, көп ұлтты халық қуатының символына айналып отырған Астана қазіргі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің өзегіне айналып, барша халықты бір шаңырақ астына жинап отырғаны да Елбасының көреген саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқаны әңгіме тиегіне айналды. Елорданың ерекше мәртебесін нығайтатын шаралар мен жетістіктер әлі алда екенін сөз еткен теміржолшылар оған өздерінің үлестерін қосатындарында  жеткізді. Туған елге сүйіспеншілікті арттыру, Отанды мақтан етіп, қадір тұту мақсатындағы өткен кездесуде мекеме теміржолшылары тәуелсіздікті асыл қазынасындай сақтап, оны нығайту жолында аянбай еңбек жасап, бірлік пен тәуелсіздіктің нышанына айналған астана мәртебесінің асқақтауына өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды