Сақтық шаралары күшейтілді

Жаңалықтар
07.02.2018, 16:03
Қаңтар айының соңғы он күндігінде ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты Ұлттық компания басшылығы тарапынан шұғыл шешіммен № ЦИД-ЦЖС/4218-и бұйрығы шығарылып, оның орындалуын бақылау сала мамандарына тапсырылды. Осы пәрмен негізінде Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша біршама сақтық шаралары жасалып, мазасыз маусымның тосын мінезінен бөлімшеге қарасты жеке құрам дін аман шыға білді. Аталған пәрменге сүйенген Қызылорда ЖТ мен магистральдық желі бөлімшелерінің жеке құрамынан Аманкелді Арысбаев пен Ибраким Басықараев басшылық жасаған 6 адам және бөлімшеге қарасты дистанциялар, вокзал шаруашылы және станциялардың әр қайсысынан 3-4 адамнан құрылған жұмыс тобы тәулік бойы телімдерде кезекшілік жасап, сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірген жұмыстар жүргізді. –Жұмыс тобының мүшелері ең алдымен қытымыр қыс кезінде ең кемі екі адамнан жұмыс жасап, біріне бірінің бақылау жасауын, топқа бөлініп жұмыс атқарғанда еңбек қауіпсіздігіне мән беру, еңбеккердің денсаулығына қауіп бола қалған жағдайда жұмысты доғарып, тиісті мамандарға хабар жеткізу, ауа-райы құбылысын хабарлап отыру, жылы киініп қорғаныс майын қолдану және оны бақылауға алу секілді теміржолшының жеке өміріне төнетін қауіптен сақтана отырып, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау шараларына баса назар аударылды. Нәтижесінде айтарлықтай тосын жағдайдың орын алуына жол берілген жоқ. Жалпы жағдайды бақылауда ұстау мақсатында жұмыс тобы мүшелері кезек-кезегімен пойыздарға мініп телімдер бойында кезекшілік атқарды. Бөлімше бойынша барлық жағдайдан хабар беріліп, ақпар алмасып тұрды, – дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Әмірхан Жүсіпбеков. Бөлімшенің Сексеуіл – Қазалы станциялары арасында СМ-2 қар тазалағыш машинасы жұмысқа жегіліп, телімдерде қар тазалау шаралары жасалды. Және де аяздың күшеюі, құмды желдің ұйытқи соғуынан көріну ұзақтығының шектелуі секілді ауа температурасының күрт өзгерісі кезінде теміржолшылардың таңғы тоғызда басталған жұмысы 4 сағаттық жұмыс кестесіне өзгеріп, түс кезінде шектеліп, келесі ауысым жұмысқа қосылған. Қазіргі таңда ауа температурасы адам өміріне айтарлық қауіп төндірмейтін жағдайға ауысқандықтан, жұмыс күнделікті кестемен жүргізілуде, дегенмен қыс мезгіліне байланысты бақылау күшейтілген қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға, адам өміріне бей-жай қарамауға аса назар аударылуда.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды