Адами капитал – жаңғыру негізі

Жаңалықтар
07.02.2018, 16:07
Қызылорда локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында Елбасы Жолдауын түсіндіріп, насихаттау, оны жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді талдау, сонымен қатар Жолдау жүктеген міндеттер аясында «Өндірістік жарақаттың алдын алу» акциясына орай   еңбек қауіпсіздігіне байланысты  түсінік берілді. Жиынға  депо ұжымы, машинистер мен көмекші машинистер қатысты.  Жиын барысында теміржолшылар  алдында тұрған маңызды міндеттер: транзитті жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін жетілдіру, жолаушылар тасымалында сервистік қызметті арттыру, жылжымалы құрамды заманауи талапқа сай жаңғырту  т.т. басым бағыттар сөз болды.  Жолдауға байланысты салалық еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкіндіктері  жайлы «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынын бөлім басшысы Зауре Сансызбаева әңгіме өрбітті.  Жолдаудың  Адами капитал  тақырыбы сөз болатын жетінші бөлімінде:  «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет» деп жазылған. Осы тұрғыда сіздерден талап етілетіні өз денсаулықтарыңызды сақтау, ол үшін  күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды басты міндетке айналдыру. Қиын ба? Әрине, ынта болса түк те қиындығы жоқ, – деді  денсаулық сақтау саласынынң өкілі. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік жарақаттану жағдайы», «Өндірістік жарақаттың алдын алу», «Өндірістік жарақат тіркелген жағдайда бірінші көмек көрсету»   тақырыптарына да  түсінік беріліп,  дәрістік материалдар, үгіт насихат плакаттары мен үнпарақтар таратылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды