Вокзалдар жөнделуде

Жаңалықтар
07.02.2018, 16:10
Темір жол қақпасы саналатын ел вокзалдарының жағдайы қашан да басты назарда тұрады. Былтыр да осы шаруашылықта ұлттық компанияның жүйелі жоспарлауымен қыруар шаруа атқарылды. Соның ең бастысы – вокзалдағы қауіпсіздік мәселесі бойынша былтыр 16 темір жол вокзалында тексеру жүйесінің енгізілуі болды. Солардың қатарында, Астана-1, Алматы-1, Алматы-2, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Шу, Орал, Атырау, Маңғыстау, Семей, Бейнеу вокзалдары бар. Бұған қоса вокзалдардың сыртқы эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 2017 жылы сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін 17 вокзалда, атап айтқанда,  Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай курорты, Маңғыстау, Бейнеу, Қызылорда, Жамбыл, Шу, Атырау, Защита, Семей, Шымкент, Ақтөбе, Орал вокзалдарында ағымдық жөндеу жүргізілді. Бұл ғимараттардың сырты сыланып, қасбеті боялды, кіреберістер, тас төсеуіштер, баспалдақ бөліктері, орындықтар, қақпа және қоршау, бағаналар жөнделіп, ағаштар әктелді. Сонымен қатар вокзал шаруашылығын қысқы мерзімге дайындау кезінде 40 темір жол вокзалының шатыры жөндеуден өткізілді. Мәселен, Шоққарағай, Есіл, Ковыльная, Аманқарағай, Тобыл, Өлеңті, Красноармейка, Құрқамыс, Қалқаман, Павлодар, Қарағанды, Саяқ, Ағадыр, Мырза, Жаңа-Қарағанды, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Вишневка, Жарық, Жаңғызтөбе, Аягөз, Шемонаиха, Лениногорск, Зыряновск, Серебрянка, Предгорная, Иртыш-зауыт, Ауыл, Белағаш, Семей, Защита, Алматы-1, Алматы-2, Жосалы, Орал, Шалқар, Мақат, Маңғыстау вокзалдары ғимаратының төбесі жөнделді. Сондай-ақ, Кең, Баранқұл, Приишимская, Құрқамыс, Қалқаман, Қызылорда, Доссор, Сағыз деген 8 вокзалдың жылыту жүйесіне жөндеу жүргізілді. Ал Орал станциясының вокзалында логотип жөнделсе, Ақтөбе станциясының вокзалына кабельді желі қойылып, Шымкент, Астана, Ақтөбе вокзалдарының кіре берістері өзгертілді. 

Ұлан ОРАЗ

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды