Жыл жаттықтырушысы

Жаңалықтар
09.02.2018, 11:25
«ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында рейтинг бойынша іріктеу негізінде «2017 жылдың жаттықтырушысы» аталымымен тұлғалық өсу бойынша ішкі жаттықтырушы,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығының» менеджері Бәлдікова Шынар марапатталды. –Өткен жылдан бастап біз «Ішкі жаттықтырушы» жобасын бастадық. Мұндағы мақсатымыз, темір жолдың өндіріс саласында тәжірибесі бар үздік мамандарды іріктеп, олардың білімдерімен бөлісу болатын. Бүгінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясында ішкі жаттықтырушылар «инситуты» өз жұмысын жалғастыруда. Ішкі жаттықтырушыларды іріктеу байқауының қорытындысы бойынша Компанияның 60 қызметкері іріктеліп алынды. Олар шешендік өнер, аудиторияны басқару, презентациялық дағдыларды дамыту, тағысын тағы оқулардан өтті. Бұдан кейін ішкі жаттықтырушылар Компанияның 1000-нан астам қызметкерін оқытты. Сөз орайы келгенде, жобаға белсенді қатысып, өз жұмыстарына шығармашылық ықылас пен үлкен энтузиазм танытқан  барлық ішкі жаттықтырушыларға алғысымды білдіріп, биыл да өзара тиімді ынтымақтастығымыз жалғасын табады деген сенімдемін. Ал биыл бірінші рет ішкі жаттықтырушылар байқауының қорытындысы бойынша «Жыл жаттықтырушысы» аталымы енгізіліп отыр және осы мәртебеге рейтинг бойынша іріктеу негізінде  Шынар Бәлдікова лайық деп танылды. Біз Шынар Асхатқызын шын жүректен құттықтап, жұмыста да, жеке өмірінде де мол табыс, сәттілік тілейміз, – деп жылы лебізін білдірген «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығының» директоры Марал Марасилов, жеңімпаз жаттықтырушыға  «ҚТЖ» ҰК»  АҚ персонал жөніндегі вице-президенті атынан «2017 жылдың жаттықтырушысы» Грамотасын табыстады. Бұдан кейін сөз кезегін алған Шынар Бәлдікова бұл шараны ұйымдастырған Ұлттық компания және  ФЦкадр басшылығына алғысын білдіріп,  бұл жоба орасан зор жемісін беретініне сенім білдірді. «Өндірістің ортасында жүрген сала қызметкерлерінен ішкі жаттықтырушылар дайындауға Компания қаржы бөліп, қолдау білдірді. Осы жоба арқасында мен жаттықтырушылық қасиетімді жетілдірдім. Кейін өзім ел алдына шығып, өз білім- тәжірибеммен өзге әріптестеріммен бөлісу мүмкіндігіне ие болдым. Ішкі жаттықтырушылар өткізген семинарларға қатысып, дәрістерін тыңдау арқылы білім қорын молайтқан  сала еңбеккерлерінің  еңбек өнімділігін арттыруға, тиімді жұмыс үдерісін ұйымдастыруға сабақ алғанына, тәжірибе жинағанына сенімдімін», – деді Ш.Бәлдікова. Жоғарыда ішкі жаттықтырушылар байқауы биыл да жалғасын табатынын атап өткен болатынбыз. Егер сен «ҚТЖ»ҰК»АҚ қызметкері болсаң, бойыңда күш-қуатың тасып тұрса, өзіңді өзің жетілдіруге құштар болсаң және де темір жол саласында еңбек өтілің екі жылдан кем болмаса, онда саған «ҚТЖ»ҰК»АҚ ішкі жаттықтырушылар қатарын толықтыруға мол мүмкіндік бар. Жалпы «Ішкі жаттықтырушы» жобасы не береді?! Бұл талантты және мақсатгер қызметкерлердің жаттықтырушылық   қасиеттерін, атап айтқанда, тәлімгерлік және жетекшілік, аудиторияны басқару дағдысы, түпкі нәтижеге қол жеткізу, презентациялық дағдылар, шешендік өнер, тайм-менеджмент, командада жұмыс істеу сияқты қасиеттерді дамыту мүмкіндігі. Аталған жобаға қатысу арқылы тұлғалық өсу және өзіңді дамыту,  жаңа тәжірибе жинақтап, Компанияның дамуына өз үлесіңді қосу мүмкіншіліктеріне ие боласың. ФЦкадр мамандары, іріктеу байқауынан өткен ішкі жаттықтырушылар кәсіби дамыту деңгейін арттыру мақсатында, дағдыларды жетілдіру оқуларынан өтетінін, соңында оларға тиімді сабақ беру тәсілдерін растайтын сертификаттар берілетінін айтады. Ал өз кезегінде ішкі жаттықтырушылар біліктіліктерін жетілдіріп, тренерлік жұмысқа машықтанбақ, сонымен қатар жұмыста қол жеткізген көрсеткіштеріне моральдық мадақтау алып, жыл сайын өтетін байқауда «Жыл жаттықтырушысы» аталымына қатысу мүмкіндігіне ие болмақ. Сондай-ақ, ішкі жаттықтырушылар еңбек ақысы сақталына отырып, қосымша  3 күн демалыс алу мүмкіндігіне ие болмақ. Байқауға қатысу үшін не  істеу керек, бірінші кезекте,  байқауға қатысу туралы өтініш, эссе-негіздеме, сонымен қатар жұмыс орнынан еңбек өтілі көрсетілген анықтама, көрсететін оқу құралдары, тікелей басшысының ұсынымдары сияқты құжаттарды тапсыруы керек. Жобаға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 23 ақпанына дейін қабылданады. Қызығушылық білдірген жағдайда, барлық сұрақтар бойынша 8(7172) 934202, 934203, 935907, 935908 телефондарына хабарласып, www.edutransport.kz сайтынан мәліметтер алуға болады.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды