Біздің заманның Ботагөзі

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:23
Оқуға 4 мин
Қазақи қаймағы бұзылмаған Маңғыстауда нағыз әйел затына тән ибаны сақтап, салиқалы сөз өнерімен, қолөнерімен көпке үлгі боларлық, ұрпағын өнегелі де көрегенді етіп жеткізген кейуаналар туралы көп еститінбіз. Бірақ, ер мінезімен елден ерекшеленетін, батылдық та, жүректілік те, білектілік те бойынан табылатын нәзікжандылар кемде-кем айтылады. Ботагөз Жұмағалиеваны, міне, осындай дер едік.       Кіндігін әкесінің өзі кесіп, Сәбит Мұқановтың романындағы Ботагөздей болсын деп атын қойған екен. Жастайынан аттың құлағында ойнап өскен қыз жастайынан қой бағып, қыздармен емес, ұлдармен ойнап өсіпті. Ата-анасы – Жыңғылды совхозында мал баққан қарапайым шаруа адамдары. Ботагөз 1985 жылы мектепті бітіріп, сол кездегі Шевченко, бүгінгі Ақтау қаласына құрылыс мамандығы бойынша оқуға түседі. Оқып жүргенде дәм-тұзы тартып, Емір деген шалғайдағы малшы ауылға  келін боп түседі. Ауыл алыс, оқу қалада... – Жаңа түскен келіншекпін. Бір күні қайынатам "Балам, мен зейнетке шықсам, орныма теміржолға кіресің бе?" деді. Еш ойланбастан "иә" дедім. 1986 жылы атамның орнына жол монтері болып орналастым. Үй-күйімді тастап, орталықтағы оқуға баруды қойып, атамның сөзін екі етпеуді жөн санадым. Содан теміржолда тапжылмай жұмыс жасағаныма 32 жылға қарапты. 2013 жылға дейін жол монтері болдым. Ол әрине әйел кісіге оңай емес еді. Бірақ мен жаспын, қыздардай нәзіктігім де шамалылау, бала кезден қиындыққа, ауыр жұмысқа шыңдалғанмын. Жұмысымды ашық аспан астында, ойнап-күліп жүріп-ақ атқаратынмын. Қыз-келіншектердей майысып тұру қайда? Ауыл шпалдарды көтересің, балға ұрасың, жер қазасың. Ол маған үйреншікті нәрсе болып кетті. Алғаш келгенімде Аслан деген жігіт балғаны қалай ұстап, ұру керегін үйретті. Өмір бойы соның айтқанын қолдандым. Ер азаматтарға қандай жүктеме берілсе, бізге де сол еді. Олар 5 шпал ауыстырса, мен де солай. Жігіттерден қалған емеспін. Әкем қызы қандай болуын мен тумай жатып шешіп қойған екен. Ол кісі С.Мұқановтың Ботагөз романын оқып жүргенде 1967 жылы дүниеге келіппін. Кітаптағы сияқты қайратты қыз болуымды армандапты. Кейін әкем "Романның кейіпкеріне ұқсаған қайсар, қайратты қызым" деп риза болып отыратын. Себебі нені бастасам да кейінге қалдыру деген болмайды, шаршауды білмеймін, соны бітірмейінше тынбайтынмын, – дейді Б.Мұрсалқызы.      Ол осылайша, жастық шақтың ең гүлдеген кезеңін темір жолдағы қыстың қытымыр мінезіне, жаздың аптап ыстығына шыдай жүріп қолына балға ұстап, рельс пен шпалдар арасында өткізді. Құдай қосқан қосағы Бижан Жұмағалиев те бақилық болғанға дейін теміржолда жұмысшылар таситын көлікті жүргізді. Екеуінің туған қос перзенті – Аслан мен Берекет  қазір теміржолда еңбек етеді. Екеуі де спортқа бір табан жақын. Спорттың бірнеше түрімен шұғылданып, Маңғыстау теміржолының қоржынына талай жүлде салған жігіттер. Жазда  "Самұрық Қазына" АҚ ұйымдастырған спартакиадаға аналы-балалы екеуі қатысты. Жарыста Ботагөз Жұмағалиева қол күресі бойынша аймақтық іріктеуден 2-орын алды.      Ботагөз Жұмағалиева – бүгінде Маңғыстау станциясындағы 2-шақырымда өткел кезекшісі. Күніне 15-16 шақты пойызды өткізіп, жол қауіпсіздігін сақтап, өткен пойыздың техникалық қауіпсіздігін қадағалап, кезекшілерге хабарландыру – оның күнделікті міндеті. Дистанция басшылығы «ауыр жұмыс жасағаныңыз жетер» деп 2013 жылдан бері осы жұмысқа ауыстырды. Отбасында Жұмағалиевтер әулетінің түтінін түтетіп, о дүниелік болған жарының орнын жоқтатпай, бала-келіндеріне бас болып, немерелерінің қызығын көруде.        – Қателеспесем, осыдан 10-12 жыл бұрын бізді, кілең әйелдерді іссапарға жіберді. Мақатқа қарасты бір разъезге бардық. Бригадиріміз, тағы 2 жігіт бар, қалғаны 6 әйелміз. Жолдан күтіп алған мастеріміз бізді көріп, мына әйелдерді жібергені несі, бұлармен қалай жұмыс жасаймын. Жоспарды қайтіп орындаймын деп бұрқан-талқан болды. Мекемемізге де хабарласып ашуын білдіріп жатты. Бірақ біз оның жүзін жерге қаратпадық. Бір күнде 30-40, тіпті 50 вагонға дейін шебень түсіретінбіз. 14 күн солай істеп, жұмысты аяқтап, үйге қайттық. Сонда әлгі мастердің қайта-қайта рахметін айтып, нәзік жандардың қажыр-қайратына бас игенін айтып шығарып салғаны әлі есімде, – деген Ботагөз апа қыз-келіншектер жаратылысы нәзік болғанмен, білек сыбана кіріссе, тау мен тас қопаратынын жеткізді.  

Шахида Жұман

 
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді