Пойыз диспетчері – торап командирі
Жаңалықтар
06.03.2018, 15:26
Теміржол көлігі колледжін бітірген жас қыз еңбек жолын Шайқұрық станциясында станция кезекшісі болып бастапты. Міне, соңғы он жыл – Жамбыл станциясында жауапты да күрделі қызметте, пойыз диспетчері.
Басшылық Жұпар Құлсариеваны жігерлігімен қатар жауапкершілігі жоғары, өз ісіне тыңғылықты маман ретінде жоғары бағалайды. Әйтпесе, ең қиын да күрделі Шу торабына жауапты диспетчер болып тағайындалуы екіталай еді. Себебі, бұл жігіттің жігітіне сын жауапты жұмыс.
«Әр жұмыстың өз қиындығы бар. Біз өз жұмысымызды жетілдіруге тырысамыз. Бөлімше басшылығымен тікелей байланыста боламыз, қандай да бір төтенше жағдай орын алса, шұғыл хабарлап, ақыл-кеңес аламыз, келісеміз. Біздің жұмыста жұмысты ертеңге қалдыру, ертең істей саламын деген ұғым жоқ. Әскери тәртіп, нақтылық, бәрі түсінікті және уақытылы болуы керек. Мен Шу торабына басшылық жасаймын. Шу станциясы – тәулік бойы құрамдар сеңдей сапырылып жатқан үлкен тораптық станция. Алматы–Шу телімінде екінші жолдардың салынуымен пойыздар ағыны арта түсті. Біздің қызметіміз – барлық пойыздардың қозғалысын реттеп, олардың қалтқысыз қызметін ұйымдастыру. Сол себепті маневр диспетчерімен, станция кезекшісімен, вагон операторымен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Басты міндетіміз, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар орын алса, шұыл шешім қабылдап, тез әрекетке көшу. Сол себепті біздің бөлім – шұғыл-басқару бөлімі деп аталады. Келешекте жүк пойыздары да жолаушылар пойыздары сияқты қозғалыс кестесіне көшеді деп жоспарлануда. Бұл ой іске асып жатса, жұмысымыз сәл де болса жеңілдеп, жүйелі болары анық. Бірақ, жауапкершілік одан азаймайды. Жалпы жұмысым өзіме ұнайды. Өзіңнің маңызды істі атқарып жүргеніңді мақтан тұтасың» деген пойыз диспетчері Жұпардың салмақты да салқынқанды жан екені бірден байқалды. Көп сөзден гөрі көп іс тындырғанды ұнататын Жұпардың үйдегі қуанышы жеті жасар қызы екен. Жауапкершілікті бәрінен жоғары қоятын Жұпар Жаңа жылды да, Әйелдер мерекесін де жұмыста қарсы алған кездері болыпты. Онысына бәлсінбейді де, өйткені, жұмыстың аты – жұмыс. Ол үшін бұл – кезекті жұмыс күні.
Сұлугүл Бакесова
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл