Балалы үйдің бақыты
Теміржол станциясында тауар кассирі болып жұмыс жасайтын Лаура Піржанова – алты бала тәрбиелеп отырған келіншек. Батыр ананы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, отбасымен танысып қайтқан біз балалы үйдің бақыты қандай болатынын көзімізбен көрдік.
Жосалы кентінде тұратын Әлішер мен Лаураның отбасы баланың кіршіксіз күлкісінен бақытқа бөгіп тұрған жып-жылы ұя екені босағадан аттағаннан-ақ сезіліп тұрды. Отбасының үлкені Нұрасыл 13 жасқа, Бекасыл 11 жасқа толып, артынан ерген бүлдіршіндерді ойнатып отыр, оларға қамқор болуға жарап қалыпты. Сегіз жасар Гүлфайруз болса анасының нағыз жанашыры көрінді, қыз болғандықтан анасына қолғанат болып, асүйде дастархан жасап жүр. Ал бес жасар Сырым мен үш жасар Сауран және былтыр ғана дүниеге келген Бегім-сұлу алаңсыз ойын құшағында, шағын шаңырақты шуаққа бөлеп жүр. Қызығы таусылмайтын базарлы отбасының тіршілігі де толастамайды. Отағасы Әлішер де жұбайына көмектесіп жүріп, ара-арасында балаларының ойынына араласып, бірін мойнына мінгізіп, бірін арқасына салып, үлкендерімен алысып-жұлысып ойнайды
– Лаура Піржанова 2003 жылдан бастап Жосалы станциясында тауар кассирі болып жұмыс жасайды. Сол кездерде станцияда жұмыс жасап тұрған мұнай-газ терминалының қым-қуыт жұмысы шаш етектен болатын. Терминалда жұмыс жасайтын теміржолшылар үшін демалыс деген болмайтын. Олардың арасында Лаура да жүретін екі өкпесін қолына алып жүгіріп. Бірақ еш уақыт шаршадым демейтін қайсарлығы сол кезде сезілетін. Сол қайсарлығы ғой, баласын да дүниеге әкеліп, көп ұзамай жұмысқа шығып, үйін де тап-тұйнақтай ұстап, бәріне үлгеріп отыр. Қазіргі таңда Әшірбековтер отбасында баланың санына, туылуына байланысты берілетін әлеуметтік, материалдық көмектердің барлығы Лаураға да берілуде. Біздің Ұлттық компанияның атынан да сый-сияпаттар келіп тұрады,– дейді Жосалы станциясының іс жүргізушісі Бағдагүл Исмағұлова.
Әшірбековтер отбасының отағасы Әлішер станциядағы желілік полиция бөлімінде еңбек еткен запастағы офицер екен. Өзі – белгілі теміржолшылар әулетінің өкілі. Лаураның анасы да 40 жыл теміржолшы болса, ағасы станция кезекшісі болып жұмыс жасауда екен. Қысқасы, екеуі де теміржолға кездейсоқ келген жандар емес.
Біз бір-бірімен асыр салып ойнап жатқан балалардың уайымсыз тіршілігін қызықтап, «бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген мақалды еске алдық, яғни мына бүлдіршіннің әрқайсысының несібесі алатаудай шығар» деп ой түйдік, ата-ананың қамқор бауырында өсіп келе жатқан ағайынды алты баланы қызықтап.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Жосалы
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді