Мәскеуден марапат алған Майра

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:32
Оқуға 2 мин

Өрімдей қыз кезінде жол жөндеуші болып жұмысқа кірген Майра атақты жол шеберінің қызы еді. Сондықтан оның жұмысына күмән келтірген, «осы қыз бала-ау, жұмысты жасай алмас» деген жан болмапты... Содан бері, мінекей, 40 жыл уақыт өтіпті. 1978 жылы Ганюшкино жол дистанциясына қарасты Бақсай-Аққыстау жол учаскесінде еңбек жолын бастаған Майра  жол жөндеушіден бригадир, биргадирден жол шебері дәрежесіне дейін өсті. 1982 жылы Мәскеу қаласында өткен кәсіподақтар съезіне қатысып, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталғаны – өміріндегі ең қуанышты да мерейлі сәті.   Темір жолдың өз қиындығы бар десек, оның ішінде жол шаруашылығының шаруасы шаш етектен. Уақытпен, ауа-райымен, жылдың қыс не жаз мезгілімен  санаспай жұмыс жасау, жолдың бүтіндігін қадағалап, пойыздардың қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ету – айтуға оңай. Әр шпалдың орнықтылығы, бұранданың беріктігі, миллиметрге дейінгі дәлдік маңызды жерде босаңсуға жол жоқ. Енді ше, мыңдаған жолаушы мен тонналаған жүктің тағдыры жолдың бүтіндігі, яғни сенің қолыңда екенін сезінесің.    – Ер азаматтарға қайта жеңілдеу, жұмыстан келгесін демалады. Ал біз әйелдер ше, үйге келген соң аналық, әйелдік міндетіңе кірісесің, балаларға қарап, отбасыңа тамақ дайындап, басқа да толып жатқан ұсақ-түйек үй шаруасымен айналысасың. Осындай өмір жолдарынан өтіп, зейнеткерлік жасқа да жақындадық. Жолдасым Мейрамбай да, екі балам – Әділбек пен Алтынбек те бүгінде осы жол шаруашылығында еңбек етеді. Яғни, теміржолшылар династиясын жалғастырып келеміз,– деген Майра бүгінде ҚТЖ компаниясының әйелдерді ауыр жұмыстан алыстатуға байланысты арнайы  бағдарламасына орай соңғы жылдары кеңсе жұмысына ауысқанын да айтып өтті.   Әйелдер мерекесі қарсаңында Майра Жұмалиева теміржолда тер төгіп жүрген барша қыз-келіншектерді, апалары мен құрбыларын, сіңлілері мен қыздарын төл мерекемен құттықтап, ең алдымен мықты денсаулық отбастарына амандық тіледі.    

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді