Жалтырлық жауқазын

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:42
Оқуға 2 мин
Жалтыр станциясында дүниеге келген Лаура есі кіргеннен анасының етегіне жабысып, Қарадыр станциясында балалық шағын өткізеді. Түтінін будақтатқан отарбаларға қарап отырып, ойы шартарапты шарлайтын бүлдіршін қыз күндердің күнінде тағдыры теміржолмен тоғысатынын сезген де шығар... Сондықтан «Шешеге қарап қыз өсер» демекші, теміржолшы анасына қарап бойжеткен Лаура болашақ мамандығын таңдайтын сәтте де ойланбастан Алматыға барып,  М.Тынышпаев атындағы көлік академиясына оқуға түсті. Лаура Өтебайқызы жоғары оқу орнын да ойдағыдай аяқтайды. Төрт жылдан соң табақтай дипломын құшақтаған жас маман туған жері – Жалтырға бет алады. Өзін енді студент жас емес, салиқалы маман сезінді. «Мен енді Лаура емес – Лаура Өтебайқызымын» деді анасына мақтанып дипломын көрсетіп жатып. Бүгінде сол күндерді күліп отырып еске алады. Теміржолшы маман болып өзіңді мойындату тіпті де оңай емес екенін осы өткен жеті жылда жақсы түсінді. Станция басшылығы туған жерде қызмет еткісі келген жас маманға лайықты жұмыс беріп, барынша қолдау көрсетті, әрине. Бүгінде тауар кассирі Лаура Карашина  басшылықтың сенімін ақтаған сыңайлы. Жұмысына байланысты сын емес үнемі мақтау естиді. – Ауысыммен жұмыс жасаймын. Тауар кассирі жұмысының да жауапкершілігі жетерлік. Сондықтан ең бастысы қателеспеуге тырысамын, жалпы жұмыс қызық, көңілді, өзіме ұнайды. Соңғы кезде Жалтырда да жастар көбейіп жатқаны қуантады, – деген Лаураның ендігі мақсаты – көңіліндегі азаматты кездестіріп, отбасын құру. Болашақ жарының теміржолшы болғанын қалайтынын да жасырмады.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді