Заты әйел демеңіз...

Төл мереке қарсаңында ерекше құрметке ие болатын нәзік жандардың қатарында заты әйел болса да ер азаматтармен қатар теміржолдай алып саланың жасанды имараттарын жөндеушілер де бар. Астана ірілендірілген жол дистанциясының осы көпірлер мен құбырлар, су өткізгіштер күтіміне жауапты бөлімінде қызмет ететін үш арудың бірі – Жанар Иматова.
Олар қыстың қаһары, жаздың аптабына қарамай, пойыз өтетін темір көпірлер, жолаушыларға арналған көпірлер, көпірасты құбырлар, тағы да басқа жасанды имараттардың тазалығы, бұрандаларының босап қалмауын қадағалап, қозғалыс қауіпсіздігіне үлес қосуда. Жұмыс көлігі немесе дрезиналармен дистанцияға қарасты ауқымды жерді алып жатқан темір жол бойында орналасқан жасанды құрылыстарға барып, жұмыстарын жасайды. Жалпы теміржолдағы қызметіне 11 жыл болған Жанардың бұл жұмысқа келгеніне 5 жылдан асты. Оңтүстікте теміржолшылар отбасында дүниеге келген ол теміржолшының қызы, отбасында ағасы екеуі ата кәсібін жалғапты. – Астанада біздің дистанцияға қарайтын үш көпір бар. Бөгеттер де көп бізде. Солардың бәрінің қыста қарын тазалаймыз. Көктемнен бастап келесі жылға жаңарту жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, тазалықтан бөлек, имараттарды сырлау, әктеу, әрлеу жұмыстары жасалады. Кейде ер адамдар жетіспей жатса, біз белгі беруші де боламыз, кейде босап қалған бұрандаларды да бекіте береміз. Мұнда «Қырқыншы» ПЧМ-нан ауысып келгем. Жұмысым өзіме ұнайды, үйреніп қалдық. Ең бастысы – бір жерде қамалып отырмаймыз, үнемі ашық аспан астында, таза ауада жүресің, – дейді Жанар күлімсіреп. Үш баласы, үш немересі бар Жанар үшін теміржол тұрақты табыс көзі ғана емес, ұйымшыл ұжым, үйреніскен жұмысымен де ыстық. Жас әже бос уақытын немерелеріне қараумен өткізеді. Қарапайым ғана теміржолшы келіншек үшін жұмыстың еш ауырлығы жоқ. Себебі, жалғызбасты ана балаларын оқытып, жеткізу үшін қандай ауырлықты болса да көтеруге дайын. Бүгінде бір ұлы мен қызы теміржол саласында білім алуда. Балаларына бұл өмірде қиындықтан қашпай, қандай жұмыс атқарса да мінсіз орындауды әдетке айналдыру керектігін айтып отырады.Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді