Қылмыстың үлкен-кішісі жоқ
Қызылорда вокзалында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және оның салдарымен күресуге назар аудару мақсатында бөлімшенің бір топ теміржолшысы құзырлы орган өкілдерімен қосылып рейд өткізді.
Жоспарланған рейдке Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Жандарбек Өтегенов пен «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева, Қызылорда станциясындағы ЖІІБ лейтенанты Асылбек Қуаныш, т.б. қатысып, вокзалдың күту залы мен перронды, жолаушы пойыздарын аралап, жағдаймен танысты. Халыққа сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, тіпті елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні ал ең бастысы адамдардың заң мен әділет органдарына деген сеніміне кері әсер ететіні түсіндірілді.
Түптеп келгенде қылмыстың үлкен-кішісі жоқ, сондықтан жемқорлыққа жол бермеу, пара талап етілген жағдайда өзіңді қалай ұстау керектігі, асығыс пікір айтуға жол бермеу, пара бопсалаудың шарттарын есте сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жүгіну, т.т. жолдары да айтылды.
Жолаушы халыққа «пара алу – бұл қылмыс», «пара берсең – жазаланасың», «пара беру – адамды бас бостандығынан және болашағынан айырады» деген тақырыпта түрлі жаднамалар таратылып, ең бастысы сыбайластыққа жол бермеуді өзіңнен бастау керектігі ескертіліп, қоғамдық маңызды шараларда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?