Дайындықты шыңдаған жақсы

Жаңалықтар
13.03.2018, 17:26
Оқуға 2 мин
...Күндізгі сағат 10:20 шамасында "Тассай-Бейнеу" бағытынан келген №2802 жүк пойызы Бейнеу станциясына жеткенде түрлы жүк тиелген соңғы жабық вагонынан түтін шығып, от жалыны байқалды. "Тілсіз жаудың"салдарынан сол маңда жүрген екі вагон қараушының денесін күйік шалды. Енді не істемек керек? Жуырда Бейнеу станциясында өткен "Теміржол бойында құрамнан өрт туындаған жағдайда жалынға оранған вагонды сөндіру, басқа вагондарға зиянын тигізбеу" атты арнайы тактикалық оқу-жаттығу сценариі осылай өрбіді.

Вагон қараушы Н.Бектілеуовтің хабарлауы бойынша суық хабар алдымен ДСП А.Кисмановқа жетті. Станциядағы төтенше жағдайлар схемасына сәйкес ДСП жедел түрде ДНЦ К.Батыровқа, тораптық АҚ және ТЖ бастығы Е.Хайруллинге хабарлады. Шұғыл әрекет ету жоспары бойынша әрі қарай әкімшілік ТЖ, аудандық ТЖ және барлық қатысты теміржол мекемелері құлақтандырылды. Сағат 10:22 минутта дабыл қағылып, 10:25-те өрт сөндіру пойызын шығаруға ДНЦ К.Батыров бұйрық беріп, пойыз 10:45-те келді. 10:35-те бір жабық вагон №26 тұйық жолға қойылды. Он минуттан соң жабық вагонның артынан өртті сөндіруге өрт сөндіру пойызы қойылды. ЖПБ, АІІБ, ӘТЖК қызметкерлері де жетіп, өз әрекеттеріне кірісті. ШЧ-11 жұмысшылары диспетчер мен станция кезекшісі арасында далалық байланыс орнатты. Уақыт құрылғысының тілі 10:50 минутты көрсеткенде аудандық ТЖ апатты-құтқарушы жасағы да көмекке келді. Барлық апатты-құтқару жұмыстары құтқару жасағымен нұсқама және жасақталған кесте бойынша жүргізілді. Қызыл жалын сағат 11-ден 20 минут өткенде толық ауыздықталды. – Оқу-жаттығу 2018 жылға жасақталған жоспарға сай аудан әкімдігі және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. Мақсат – дайындықты пысықтау. Нәтижесі жақсы. Іс-шараға теміржол мекемелерінен 73 адам, 3 өрт сөндіру машинасы, 1 "жедел жәрдем", су тасу, Газель, Бульдозер, жүк көлігі мен автобус қолданылды, – дейді Бейнеу станциясының бастығы Е.Хайруллин.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды