Торда тулап теңбіл доп...  

Жаңалықтар
13.03.2018, 17:33
Оқуға 2 мин
Аягөз қаласындағы байырғы теміржол мектебі саналатын №58 мектептің кең спорт залында өңір теміржолшылары арасында алғаш рет спорттың волейбол түрінен сайыс өтті. Бүгінде Аягөз өңірі бойынша жалпы саны 2300 теміржолшы бар екен. Олардың басым көпшілігін жастар құрайды. Кең көлемде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға теміржолға қарасты барлық мекемеден спортшылар қатысты. Аягөз станциясы басшысының кубогына арналған айтулы шараға осылайша іріктелген 8 команда қатысып, өзара шеберлік сынасты. Тігілген жүлде қоры да қомақты болатын. Сондықтан да болар, сайыс барысы мейлінше тартысты әрі шиеленісті өрбіді. Теңбіл топты қақпақылдап торда тулатқан талай мықты қарсыласынан жеңіліс тауып жатса, керісінше бұрын елеусіз болып келген жаңа ойыншылар есімі жарыққа шықты. Осылайша түпкі ойын нәтижесі де белгілі болып қалды. Аягөздік теміржол мекемелері арасында топ жарып бірінші орын алған локомтившілер, ТЧЭ-25 мекемесі болса, жүлделі екінші орынды «Қамқор-локомотив» Аягөз филиалы ойыншылары жеңіп алды. Ал, «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС филиалының волейболшылары үшінші орынды місе тұтты.  – Аталмыш шараны тұңғыш рет ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат – жастар арасындағы спортқа құштарлықты оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, – дейді жаңашыл бастама авторы Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміренов. Барлық жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды. Аталмыш сайысты жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды