Өткелде тоқта, жүргізуші!
Жаңалықтар
16.03.2018, 17:35
Атырау жол дистанциясы Қазақстанның батыс қақпасында орналасқан көршілес Ресей мемлекетімен шектеседі. Дистанцияда теміржолды автокөлік жолымен кесіп өтетін ірілі-ұсақты 13 күзетілмелі, 26 күзетілмейтін теміржол өтпелері орналасқан. Ақпанның 15-інен наурыздың 15-іне дейінгі аралықта жариялаған «Назар аударыңыз, теміржол өтпесі!» айлығына орай бүгінде өтпе қауіпсіздігі алдыңғы орынға шығарылып отыр.
Бұл теміржол өтпелерінде тәулік бойы автокөліктер мен пойыздар қозғалысына жол ашып, қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып қызмет көрсету – өтпе кезекшілерінің басты міндеті. Соңғы кезде компания бойынша теміржол өтпелерінде қайғылы жағдайлардың орын алуы көбейіп отырғаны да жасырын емес. Өткен жылдың соңында Өзен−Бастау жол аралығындағы өтпеде микроавтобус пен тепловоз соқтығысып, талай адамның өмірін жалмағаны қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Осыдан кейін Компания басшылығының пәрменімен теміржол өтпелерінде, өндірістік телімдерде арнайы қауіпсіздік сабақтары жүргізіліп, дистанция қызметкерлері болған оқиғалармен құлақтандырылды. Дистанция басшылары бастап, өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлерінен құралған құраммен барлық өтпелердің жай-күйлері, жағдайы, және басқа да кемшіліктері тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша іс-шара жоспары жасақталып, оларды жоюға жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ, дистанция бойынша шектесіп жатқан Қызылқоға, Мақат, Исатай, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласының әкімшіліктеріне автокөлік жолын иеленуші және басқа да теміржол өтпелеріне қатысты мекемелермен, жергілікті халықтың қатысуымен бірлескен жиналыстар өткізу туралы қатынас хаттар жолданып, осыған орай 6 наурызда Исатай ауданының орталығы Аққыстау станциясында жергілікті әкімшіліктің, аудандық ішкі істер қызметкерлерінің, автокөліктері бар «ЖайықМұнайГаз» басқармасы, «Болат-Д» ЖШС мекемелерінің және жергілікті халықтың қатысуымен үлкен жиын өтті. Оған Атырау жол дистанциясының бас инженері Ж.Жүнтүрбаев қатысып, көпшілікті теміржол өтпелерінде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалармен таныстырып, осы ауданға қарасты 14 теміржол өтпесіндегі автокөлік жолын иеленетін мекемелердің және жергілікті атқарушы мекемелердің жауапкершіліктеріне байланысты көптеген мәселелер қозғалды. Мысалы, өтпелерді, басқа да қауіпті нүктелерді бейнебақылау қондырғысымен қамтамасыз ету сөз болды. Осындай жиынды басқа аудандарда да ұйымдастыру жөнінде дистанция басшылары мен өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлері келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар Ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен Қызылқоға, Мақат, Исатай аудандарында орналасқан теміржол өтпелерінде рейдтер жүргізіліп жатыр. Өндірістік телімдердегі дистанция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, өтпедегі қауіпсіздік ережесі туралы жазылған парақшалар таратуда.
Осы уақытқа дейін жол ережесін бұзғандар туралы өтпе кезекшісінің мәлімдемесі бойынша жол полициясына шағым түсірілгенмен, дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты жүргізушілер жауапкершіліктен жеңіл құтылатын еді. Ал қазір осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Атырау жол дистанциясының 2 күзетілетін теміржол өтпесіне бейнебақылау қондырғысы орнатылды. Дистанция басшысы Аманқос Жылқыбаев өтпелердегі мұндай қауіпсіздік жұмыстары айлықтан тыс уақытта да үздіксіз жүргізіле беретіндігін, мүмкіндігінше бейнебақылаумен жабдықтау қолға алынатынын жеткізді.
Нұргүл Берікқызы,
Атырау
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...