Отбасы құндылығы
Семей ЖТ бөлімшесінде теміржолшы қыз-келіншектерге арналған ерекше тренинг болып өтті. «Табысқа қалай жетуге болады?» деп аталатын әлеуметтік-психологиялық тақырыптағы айрықша шараға бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған еді.
Тренингке бөлімше мен құрылымдық мекемелерден белсенді әйелдер қауымы қатысты. Еркін әңгіме түрінде өрбіген тренингте сөз алған «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов нәзікжандыларға бөлімше басшылығының құттықтау лебізін жеткізіп, аталмыш шараның сәтті өтеріне сенім білдірді.
Осыдан соң кең залда шеңбер жасап жайғасқан теміржолшы әйелдер ерлер үшін жабық саналатын бірқатар тақырыптар аясында өзара сұхбат құрып, ой мен бойды қатар сергітетін психологиялық жаттығуларды бастан кешті.
Жалпы, тренингтің мақсаты кәсіби қызметке шексіз беріліп, мінез-құлықтары да ресмилене бастаған әйелдер қауымын тұрмыс барысында мейлінше ұтқырлыққа бейімдеу, отбасындағы, қызметтен тыс қоғамдағы рөлін арттыру болатын. Сәйкесінше, қозғалған тақырыптар мен психологиялық жаттығулар да осыған бағытталды. Теміржолшы әйелдер қауымы үй-тұрмыс, жұбайылық өмір, жұмыс орны мен отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, бала тәрбиесі, тіпті, көрші-қолаңмен қарым-қатынас сынды бірқатар қызықты тақырыптар бойынша өзара еркін пікір алысып, шиеленісті жағдайлардан шығудың сан алуан тәсілдерімен танысты. Өзара тәжірибе де алмасты.
Осылайша, нәзікжандар қауымының сырласу клубы түрінде ұйымдастырылған әлеуметтік-психологиялық тренинг теміржолшыларды бітпейтін қызметтік өмірден бір сәт ажыратып, жеке өмірдің құндылықтарын қастерлеуді, алдыңғы кезекте абзал ана, асыл жар бола білуді ұмытпауды да еске салды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды