Мұстафиндер ұстанымы
Жаңалықтар
14.10.2016, 17:09
Теміржолшы – бабадан балаға мирас болып қалатын отбасылық мамандық. Бұл орайда солтүстік Түрксібтің отаны саналатын Семей жол бөлімшесінде әулетімен шойын жол саласында қызмет ететін жанұялар көп әрі ол жайт бүгінде ешкімге таңсық емес.
Алайда солардың арасында бүкіл отбасы мүшелерімен желі бойындағы бір ғана сала – станцияда ғана қызмет ететін отбасылар да бар екен. Солардың бірі – Мұстафиндер әулеті. Дегелең-Семей телімінің 242,1 шақырымында орын тепкен шағын ғана Известковый станциясында бір ғана жанұяның мүшелері еңбек етеді. Станция бастығы - отағасы Рысқали Мұстафинов қасына өз балаларын алып, еңбекке баулыпты. Бүгінде станция кезекшілері болып еңбек ететін екі ұлы кәнігі теміржолшылар.
Рысқалы Тілеужанұлы бұл саланың қыр-сырына әбден қаныққан, әсіресе станцияда еңбек етудің ыстық-суығын бір кісідей сезінген, тәжірибесі мол жан. Ал аталмыш станция ашылғалы бері, аттай 15 жыл бойы еш үзіліссіз еңбек етіп келеді.
-Әке-шешем де желі бойындағы станцияларда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан жандар еді. Станцияға әкемнің ұсынысымен келген едім. Енді міне, қазіргі күні өз ұлдарымның да станцияда жұмыс істеулерін қалап, қасыма алдым. Олардың қатарына күйеубалам да қосылды. Отбасымызбен жұмыла еңбек етеміз. Бір әулеттің адамдары болғасын жанашырлық пен жауапкершілк жоғары әрі тең дәрежеде болуы заңдылық секілді. Сондықтан, істің көзін таппай, ертеңгі күні опык жемеуі үшін балаларымды өзім баулып, кәсіби тұрғыдан жетілулеріне барынша тырыстым, - дейді отағасы.
Станция бастығы бұл ата дәстүрдің ендігі аралықта немерелеріне де берілгенін қалайтынын жасырмайды. Сол себепті де, өз немерелерінің станцияға бауыр басқанын қалап, балалардың ойын алаңқайын әзірлепті. Соған сай, мектеп жасындағы немерелері каникулда станцияға келіп, уақыттарын осынау жазық даладағы шағын станцияда өткізеді екен.
Шағын болғанымен 5-ші класты станцияға жататын Известковыйдың жүгі ауыр. Тәулігіне 12 жұп жүк пойызы өтеді. Міне, қоңыр күздің де екінші айы орталап қалды. Іргедегі Қаражыра кенішінен көмір тиеп алып ағылған ұзын-сонар жылжымалы құрамдар ел Шығысын бетке алып, асығып барады. Ал осы қара алтын тасқынын қабылдап алып, қауіпсіздігін қадағалап жөнелтіп отырған Мұстафиновтар отбасының мүшелерінің басты ұстанымы – ата кәсіпке адалдық.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл