Табыс тұғырынан көрінді

Жаңалықтар
05.08.2016, 09:54
Жыл сайын жаңа белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінетін Қазақстанның көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл да дүбірлі шарамен аталып өтілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында сала саңлақтарының басын қосқан салтанатты жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қатысты.  Ұлттық компания президенті Асқар Мамин барша әріптестерін төл мерекемен құттықтап, сала қызметкерлерінің ел экономикасының нығаюына және дамуына қосып жатқан сүбелі үлесіне ерекше тоқталды. –«Қазақстан темір жолы» компаниясы «Нұрлы жол» бағдарламасының операторы ретінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып, транзиттік әлеуетті дамытуға бағытталған жұмысты жүргізіп, мемлекетіміздің дамуының инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз етіп келеді. Компанияның алдында зор стратегиялық міндеттер тұр. Соның ішінде еліміздегі жүк және жолаушылар тасымалын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның Еуразия континентінің транзиттік хабына айналуына күш салу – ерекше басымдық беретін бағыттар. Осындай тарихи жобаларға қатысу – біз үшін үлкен абырой, зор жауапкершілік, – деп атап өткен компания басшысы мереке иелеріне барлық жақсылықты тілеп, жылы лебізін білдірді. Мерекелік шара барысында ұлттық компанияның бүгінгі жеткен жетістіктері жайында он минуттық бейнефильм көрсетілді. Жиынның салтанатты марапаттау рәсімін Асқар Ұзақбайұлымен бірге Бақытжан Әбдірұлы да жасап, биыл «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болған темір жол тарландарына марапаттарын өз қолдарымен табыстады. Сахна төріне көтерілген Құрметті теміржолшыларды Премьер-министрдің бірінші орынбасары құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Мәртебелі атаққа қол жеткізіп, оны бүгінгі күні жоғарыдағы ел азаматтарының қолынан алу құрметіне ие болғандар қатарында  Атырау магистральдық желілер бөлімшесінің директоры Темірғали Күштаев жүрекжарды қуанышымен бөлісіп, ризашылығын жеткізді. –Құрметті әріптестер, Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасымен еліміздің төрт тарабы теміржолмен жалғасты.  Бес жылдың ішінде 2000 шақырымдай жолды бірде-бір мемлекет салмаған. Жаңа станциялар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болды. Теміржолшылардың еңбегін қарапайым халық көріп, жоғары бағасын беріп отыр. Мен де осы салаға өмірімнің 30 жылын арнадым, себебі теміржол тұрақтылық пен сенімділіктің ортасы. Міне, бүгін сіздердің қолдарыңыздан саланың ең құрметті марапатын алып отырғанымды мақтаныш етемін. Зор мәртебе санаймын, –  деді ол. Салтанатты жиынға еліміздің барлық облыстарынан арнайы келген  сала ардагерлері – отандық темір жолдың бүгінгі дәрежеге жетуіне саналы ғұмырларын арнаған жандар құрметті қонақтар қатарында алдыңғы қатардан орын алды.  Жас теміржолшылар аға буын алдында кұрметпен бас иіп, гүл шоқтарын ұсынды. Мерекелік шара соңы Қазақстан эстрада жұлдыздарының  қатысуымен концерттік бағдарламаға  жалғасты.

Райхан Рахметова, Астана

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды