Қазтеміртранс: төл мерекеге табыспен жетті

Жаңалықтар
05.08.2016, 10:46
Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді. Компания алдында бүгінгі таңда жаңа міндеттер тұр. Сол міндеттерді жоғары деңгейде жүзеге асырып, жаңа мақсаттарға ұмтылған қоғам ұжымы биылғы кәсіби мерекелерін салтанатты жағдайда атап өтті.             Мәжіліс залында бас қосқан сала мамандарын компания президенті Санжар Елубаев құттықтап, мерекеге табыспен жеткен ұжымның бірқатар қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады. –Алдымызда тұрған ең басты міндеттердің бірі – негізгі қызметті коммерциялау, нарықтың жаңа сегменттеріне шығу. Мен осы міндеттер үдесінен «Қазтеміртранс» АҚ ұжымының шыға алатынына сенімдімін. Осындай зор жауапкершілік арқалаған абыройлы қызмет иелері – әріптестерімді, барлық теміржолшылар қауымын бүгінгі төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, баршаңызға мықты денсаулық, өмірде сәттілік және еңбектеріңізге табыстар тілеймін! – деді компания басшысы. Компания президентінің Құрмет грамотасымен қоғамның 23 теміржолшысы, Алғыс хатпен 20 маманы марапатталды. Олардың көбісі – компанияның еліміздің барлық аймақтарындағы филиалдарында еңбек ететін  қарапайым жұмысшылар, мәселен, слесарьлар, жөндеу жөніндегі жұмысшылары, ауысым диспетчерлері, вагон паркін сақтау жөніндегі жол инспекторлары, тағы да басқа сол сияқты еңбек адамдары.             Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ  президенті Асқар маминнің Құрмет грамотасымен  3  адам, Алғыс хатымен 3 адам, тағы үш қызметкер «Адал еңбегі үшін», «Үздік маман» және «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапатталды. Ал саланың ең мәртебелі жоғары атағы «Құрметті теміржолшы» белгісімен Вагон операторының қызмет көрсету дирекциясы филиалының директоры Күмісбек Матжанов марапатталды. Болат жолда 22 жыл еңбек еткен  теміржолшы соның 18 жылында басшылық қызметтерді атқарып келеді.             Мерекелік шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының концерті және сала тақырыбына сай ұйымдастырылған викториналық ойындарға ұласты. Теміржолдағы түрлі мамандық иелерін жасырылған суреттер арқылы оңай тауып берген мереке иелеріне ынталандыру сыйлықтары берілді. Ұжым қызметкерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылды.             Еліміздегі жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылатын қоғам – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі еншілес компаниясы саналады. Тасымал көлемі артқан сайын құрылғанына 13 жыл болған компанияның да жұмыс ауқымы жыл санап көбейіп келеді. 2007 жылы «Қазжелдортранс» атауынан бүгінгі атына өзгерген компания өмірінде әр жылда жаңа өзгерістер болып тұрады. Атап айтқанда, IP-телефония құру, мәліметтер таратудың корпоративтік желісін кеңейту, ҚТЖ инвентарлық паркі вагондарын «Қазтеміртранс» АҚ-на ауыстыру, КТТ қызметкерлері пәтерге қол жеткізу үшін әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру сынды қыруар шаруалар атқарылды. Қазіргі таңда компанияның жеке паркіндегі вагондар саны 60 мыңға жетті. Қоғамда 2,5 мың адам еңбек етеді. Аймақтық желілері еліміздің барлық өңірінде ашылған. Бүгінгі «Қазтеміртранс» – бұл ірі көліктік және логистикалық кәсіпорындар, зауыт-өндірушілер, кен өндіруші компаниялар, шағын және орта кәсіпкерлік сынды ірі әріптестерімен ынтымақтаса қызмет ететін мықты әрі, бәсекеге қабілетті компания.

Райхан Рахметова, Астана

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды