"Қауіпсіздік күні" көптік етпейді
Белкөл – Қызылорда өңірінде орналасқан жүк станциясы. Станция басшылығы тарапынан еңбеккерлердің жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарын орындауын бақылау мақсатында ай сайын 4 мәрте «қауіпсіздік күні» өткізіледі екен.
Станцияда жұмыс істейтін теміржолшылардың денін жастар құрайды. Сондықтан станция бастығы Мақсат Жүсіпов қауіпсіздік күні ешқашан да көптік етпейтінін айтады. Облыс көлемінде өндірілетін мұнай-газ өнімдері тасымалының құбырға көшірілуі станциядағы қарбалас тіршілікті біршама бәсеңдеткенмен, жүк станциясының жұмысын бір сәтке болсын бәсеңсіткен емес.
Белкөл станциясына келгенімізде станция бастығы Мақсат Жүсіповті теміржолшылармен күнделікті ауысым алдындағы инструктажын өткізіп, кейбіріне жекелей тапсырма беріп жатқан кезінде жолықтырдық.
– Өткен жылы және ағымдағы жылдың алғашқы екі айында пойыздық және маневрлік жұмыстарда кемшілік орын алған жоқ. Станция еңбеккерлері жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын толық қамтамасыз етіп келеді. Жұмыс барысында кемшілік жібергендер болса, сәйкесінше акт толтырылып, кемшіліктің орын алуына байланысты шара қолданылып, жазба толтырылып, қайталанбауы үшін инструктаждар, қажет болған жағдайда техникалық сабақтар өткізіледі, нәтижесі жоғары, – дейді станция бастығы.
Өткен жылдың алғашқы тоқсанында 810 вагоннан 33284 тонна жүк түсірген белкөлдік теміржолшылар биылғы үш ай ішінде 700 вагоннан 30195 тонна жүк түсіріпті.
– Біздің ұжым мүшелерінің ешқайсысы кездейсоқ келген жан емес, бәрі де осы станцияда туып-өскен теміржолшылар отбасынан шыққан жандар, көзін ашқалы көргені теміржол болған соң, бәрі де өз ісінің шебері деп айтуға болады. Бәрі өз ісін жоғары жауапкершілікпен атқарып, құжат айналымы, станциялық жұмыс құжаттарының қағазға түсірілуі секілді жұмыстарды талапқа сай орындап отырғанының арқасында ұжымымыз бөлімше бойынша үздіктер қатарынан көрініп отыр. Бұл біздер үшін үлкен жетістік деп санаймыз. Әрине, бұл жетістікте аға тауар кассирі Алма Боранбаева, станция кезекшісі Гүлмира Жүнісова, пойыз құрастырушы Бағдат Жаханов және осы станция жұмысын үйлестіруші ретіндегі тәжірибелі теміржолшы, станция бастығының орынбасары Ғалымжан Әбдірамановтардың үлесі өзгелерге қарағанда қомақты деп айта аламын, – дейді үлгілі ұжымның басшысы Мақсат Өмірбекұлы.
Өткен наурыз айында 319 вагонға 14088 тонна жүк тиеп, 644 вагоннан жүк түсірген белкөлдіктер тәулігіне шамамен 23 вагонды жүгінен арылтып отырған екен.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Белкөл станциясы
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?