Кәсіби міндетін кедергісіз атқарсын

Жаңалықтар
13.04.2018, 12:02
Оқуға 3 мин
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким  Басықараев бөлімшеге қарасты мекемелердің басшылары мен жауапты мамандарын жинап қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыру мақсатында дөңгелек стол өткізді. Жиынды өткізудің негізгі себебі «ҚТЖ» ҰК» Магистральдық желі дирекциясы бойынша бөгде адамдардың, қараусыз малдың пойызға басылуы, жол бойында ұрлық-қарлық оқиғаларының өріс алуы және жолға бөгде заттың қойылып кету жағдайларының орын алуы салдарынан жылжымалы құрамдардың қозғалысына қауіптің артуына байланысты болып отыр.  Бөлімше директоры Ибраким Басықараев өткен жылғы және жыл басынан бергі жағдайымен таныстырып, әріптестерін ынтымақпен жұмыс жасауға шақырды, теміржолшының негізгі жұмысы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау шараларына немқұрайлы қарамай, әр еңбеккердің кәсіби жауапкершілікпен жұмыс жасауын талап етті. Қазіргі таңда Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің пайдалану ұзындығы 1051,7 км, бұл Сексеуіл-Қоскөл телімін қоспағандағы өлшем. Осы аралықтағы 32 теміржол өткелінің тек біреуінен басқасы тәулік бойы күзетіледі. Бөлімше бойынша Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл жол дистанциялары, Қазалы және Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциялары, Қазалы, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциялары телімдерде жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысы үшін жұмыс жасап келеді. – Өткен жылы Магистральдық желі дирекциясы бойынша 67 адам, 97 мал басу оқиғасы, 284 мәрте локомотив машинистерінің шұғыл тежегіш басуы орын алған. Оның ішінде біздің бөлімшеде 7 рет адам басу оқиғасы, Сексеуіл-Жезқазған жаңа телімінде 21 мәрте мал басу жағдайы, 27 рет тепловоз машинистерінің шұғыл тежегіш қолдану жағдайы тіркелді. Осыған байланысты  «ҚТЖ» ҰК» Магистральдық желі дирекциясы, ҚР ІІМ Ішкі істер көлік департаменті 2018 жылдың қаңтар айында бекіткен теміржол магистралінің құнды материалдары ұрлануының, адам басу, мал басу, жолға бөгде зат қою фактілерінің алдын алу мақсатында бірлескен іс-шара жоспары негізінде  бұған дейін жүргізіліп келген профилактикалық жұмыстар енді күшейтіліп, құзырлы органдармен бірлесе атқарылатын болады, – деді бөлімше басшысы. Бөлімше бойынша өткізілген профилактикалық шараларға тоқталсақ,  станцияларда 2267 адам қатыстырылған жиын, 22032 оқушымен білім ошақтарында кездесу, 16791 рет мал иелері мен шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары, 171 мәрте ЖІІб өкілдерімен, 648 рет МАИ өкілдерімен біріккен рейд жүргізіліп, 16913 автокөлік жүргізушілеріне өткелден өту тәртібі түсіндіріліпті. 106 рет автокөлік иелерінің өткелден өту тәртібін бұзғандығы анықталып, МАИ басшылығына, ауыл, аудан әкімдіктеріне хат жолданған. 17 226 адамға қауіпсіздік қағидаттары жазылған парақшалар таратылып, 45 км жол бойына жаңадан қоршау тұрғызылған екен. Жиында сөз алған дистанция басшылары мекемелерде атқарылған жұмыстар есебін жариялап, өз ұсыныстарын білдіріп, күрмеулі мәселелерді талқыға салды. Мәселен, пойызға басылған малдың сырғасының болмауынан мал иесінің табылмай қалуы, металл сынықтарын қабылдайтын орындарға ескерту жасап, олармен ымыраласып жұмыс жасау нәтижесінде ұрыны құрықтау, тежегіш басылған орынды кеңінен, жан-жақты тексеру ұйымдастырып, себеп-салдарын анықтау және ең бастысы, жолшылардың теміржолшыға кәсіби міндетін кедергісіз атқаруға жағдай туындату, яғни автокөлік иесі болсын, мал иесі болсын ҚР Кодексінде белгіленген талапты сақтауын, яғни өткелден өту тәртібін, малды жолдан белгіленген қашықтықта жаю секілді әркім білуге тиіс қағидалардың қатаң сақталуы талап етілді.   Дөңгелек үстел барысында айтылған жағымды жаңалықтың бірі адам басу оқиғасы жиі орын алатын, қала іргесінде Қызылорда-Белкөл перегонында алдағы күндерде көпір салу жұмысының басталатындығы болды. – Жергілікті әкімдікке жылдар бойы Қызылорда-Белкөл арасында жаяулар өткеліне көпір салыну қажеттігін айтып, ұсыныс хат жолдап келеміз. Соның нәтижесінде биыл салынатын көпірдің жобалық-сметалық құжаттары бекітіліп, құрылысы әне-міне қолға алынады деп күтілуде, – деді Ибраким Асқарұлы.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?