Түрксібтен басталған тарих

Жаңалықтар
16.04.2018, 19:21
Түп тарихы Түрксіб теміржолынан бастау алатын Аягөз станциясының өткені шежірелі тарихқа толы. Бұл ретте Аягөз локомотив пайдалану депосы жанынан ашылған салалық мұражай уақыт өткен сайын тың жәдігер, соны деректермен толығып қайта жаңғыруда.             Локомотив шаруашылығының білікті маманы Айдын Бланов жетекшілік ететін іргелі мекеме мұражайға жауапты қарайды. Сондықтан мұнда Аягөз теміржолына қатысты көне жәдігерлер өңірдегі сала қызметкерлері мен ардагерлерден, жалпы қалалықтардан үзбей қабылданып, тарихи құндылық деп бағаланатын жарамды дүниелер сарапталып, қатталып құжатталып мұражайдан орын алады. Сол себептен, мұражай қоры күн санап толыға түскен. Нәтижесінде  депо басшылығы жуырда арнайы мүйістер ашып, экспозиция қатарын молайтыпты. Жалпы, Аягөз локомотив пайдалану депосының мұражайы – қазақ теміржолынан мол хабар беретін ең іргелі орын. Көлемі 200 шаршы метрден асатын мұражай келушілерді жалықтырмайтындай жаңа қырынан көрініс тапқан. Атап айтсақ, Түрксібтің даңқты құрылысшылары фотосуреттері мен сол дәуірдегі қолданылған теміржол аспаптарының өзі талай жайтты аңғартады. Сонымен қатар, Ақтоғай-Семей телімі аралығындағы теміржолмен табиғаттың әсем үйлесімділігі, жергілікті локомотив шаруашылықтарына қарасты басты нысандардың қолдан әзірленген келісті макеттері де арнайы мүйіске қойылған.   Бір бұл емес, аймақ теміржолынан мол мағлұмат беретін байырғы мерзімдік басылымдар мен кітаптар, тарихи фотосуреттер де мұражай төрінен орын алған. Аягөз бен Жарма – әйгілі теміржол династияларымен даңқы шыққан өңірлер. Осы ретте, Шығыстағы шойынжолда еңбек өтілдері жүздеген жылдарды құрайтын атақты әулеттердің шежіресі мен тарихи фотосуреттері   де рет-ретімен қойылған.  – Мұражайға кірген адам бай тарихы бар Аягөз теміржолындағы кешегі-бүгінгі өмірін сезіне білуі қажет. Ал ол үшін мұражай мазмұнды болуы тиіс, – дейді директордың орынбасары Ихлас Ерденов.   Ертегіге бергісіз өткені бар Аягөз теміржолының әлі де ашылмаған беті, тың тарихы бар, оны жаңғыртып жарыққа шығару келер ұрпақтың еншісіндегі жұмыс дейді аягөздіктер.

Қуаныш Қожаев, Аягөз

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл