Қорғас жобасын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
09.08.2016, 10:52
Тамыздың 6-7 күндері Асқар Мамин бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның делегациясы Қытайдың Шанхай қаласына іс сапармен барды. Онда қазақстандықтар ірі көліктік-логистикалық және индустриалдық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізілді.
Онда «Нұрлы жол» бағдарламасы және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын ұштастыруға, трансқұрлықтық тасымалды дамытуға ықпал ететін болашақ ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралып, «Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық Аймағын дамыту жоспары талқыланды.
Сонымен қатар, ҚТЖ жетекшісінің «China COSCO Shipping Corporation Limited» компаниясының басқарма төрағасы Сюй Лижунмен кездесуі ұйымдастырылды. Аталған ірі мультимодальды компания көліктік-логистикалық саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады және қуаттылығы 85 миллионнан астам DWT болатын 1114 кемеге ие, сондай-ақ әлемнің ірі порттарында контейнерлік терминалдары бар. Тараптар «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында Құрғақ портты дамыту бойынша жобаны жүзеге асыруға қатысу мәселелерін талқылады.
ҚТЖ басшысы сондай-ақ CITIC Co., Ltd компаниясының президенті Ван Цзюнмен кездесті. Мұнда автожол саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.
Жұмыс сапары кезінде ҚТЖ ұлттық компания президенті Асқар Мамин әлемдегі ең ірі логистикалық қызметтер жеткізушісі – DHL Global Forwarding China Co., LTD компаниясы халықаралық тасымал басқармасының бас директоры Стив Хуангпен де жүздесті. Бұл басқосуда Қытай – Еуропа – Қытай бағытында тасымал көлемін арттыру, Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліз бойынша тиімді логистика құру, сонымен бірге «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ын дамытуға қатысу жайы талқыланды.
Бұған қоса ғаламдық логистиканы оңтайландыру және Hewlett Packard компаниясы жобаларын басқару жөніндегі директоры Рональд Клейвитпен екі жақты кездесу өткізілді. Тараптар жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, Қытай – Қазақстан – Еуропа бағдарлары бойынша контейнерлік пойыздардың қатынасына тоқталды.
Айта кетейік, осы жылдың алғашқы жартжылдығында Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша Қазақстан аумағы арқылы 429 контейнерлік пойыз жүріп өткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,4 есеге көп.
Бүгінгі таңда Құрғақ порттың бірінші кезектегі нысандары толықтай салынып біткен. АЭА Құрғақ порты болашақта тұтынушыларға жүк жеткізу есебімен осы кезден-ақ логистикалық және мультимодальды операцияларды жүзеге асыруда. Жыл басынан бері мұнда 15 мыңнан астам контейнер өңделген, 2016 жылдың соңына дейін 100 мыңнан аса бөлшектік факторлық эксперимент – БФЭ өңдеу жоспарланып отыр.
Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының инфрақұрылымы нысандарының құрылысы құрылыстың 2015 жылы түзетілген Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 56 инвестициялық нысанның жалпы сомасы 270 млрд-тан жоғары теңгені құраған 33 нысаны инвесторлар арасында өзара бөлісілген. ХШЫО-ның қазақстандық бөлігінде тек отандық тауар өндірушілердің ғана емес, сонымен бірге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения секілді ЕАЭО елдерінің де саудасын белсенді дамытуға барлық жағдай жасалған.
Қазіргі таңда ХШЫО-ға келушілер қатары айтарлықтай артқаны байқалып отыр. 2013 жылы мұнда 650 мың адам келген болса, 2015 жылы 2,5 млн-ға жуық адам, ал осы жылдың тек алғашқы жартыжылдығында 1,5 млн-ға жуық адам келген.
Гүлнара ОРАЗАЛИНА
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды