Ауру ошағы залалсыздандырылды
Жаңалықтар
24.04.2018, 15:39
Қызылорда теміржол вокзалында №55 «Көкшетау-Қызылорда» жолаушылар пойызын бүгінгі күтіп алушылардың қарасы әдеттегіден гөрі қалыңырақ әрі арнайы киім киген мамандар көп көрінді. Бет-ауыздарын тұмшалап, дәрігерлік қорғаныс киімін киген топқа былайғы халық үрке қарайтындай.
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Жандарбек Өтегенов бастаған теміржолшылар салқынқандылық танытып, жолаушыларды үрейленбеуге шақырып, вокзалдағы дауыс зорайтқыш арқылы жағдайдың бақылауда екенін және арнайы қызмет мамандарына кедергі келтірмеуді сұрады.
Вокзалдағы күнделікті тіршіліктің өзгеруіне себеп болған нәрсе – аталған пойыздың вагонында аса қауіпті жұқпалы дертке шалдыққан науқастың болуы мүмкін деген хабар бар. Күнделікті белгіленген кесте бойынша келе жатқан жолаушы пойызының машинисінен сағат таңғы 7.05 те №16 вагонда басы қатты ауырып, қалтырап, дене қызуы көтеріліп келе жатқан аса қауіпті жұқпалы дертке күмәнді науқас жолаушының бар екендігі туралы хабар түсіп, сол сәттен бастап бүкіл құзырлы орындар құлақтанып, вокзал басына жеткен бойда алдын алу шараларына қамдана бастаған еді.
– Бұл, әрине, әдеттегі оқу-жаттығу сабағы. Басқарманың аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу іс-шараларының кешенді және шұғыл жоспарына сәйкес аса қауіпті жұқпалардың ошағын шоғырландыруға және жоюға барлық қызметтер мен құрамалардың өзара әрекеттесу тәртібін ұштау мақсаты оқу-жаттығу өткізіп отырмыз. Жаттығуға қатысқан құрылымдар өздерінің ауруды оқшаулау, төтенше жағдайда септесіп әрекет жасай білетіндіктерін дәлелдей білуі қажет, – дейді ұйымдастырушылар атынан Қызылорда бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі Зәуре Сансызбаева
Оқу-жаттығуға аймақтағы барлық тиісті мекемелерге, теміржол басшылығына, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, құқық қорғау органдарына, т.т. хабар таратылған. Жолаушылар пойызы вокзалға кесте бойынша 08-24 сағатта келіп жеткен бойда қауіпті ауру ошағында эпидемияға қарсы тиісті іс-шаралар жүргізу үшін жолаушылар пойызы құрамындағы науқас орналасқан вагон ағытылып алынып, санитарлық тұйыққа жіберілді.
Медициналық қорғаныс киімін киген эпидемиолог, чумолог, инфекционистерден құралған дәрігерлік кеңес тобы науқасты қарап, клиникалық және эпидемиологиялық деректер негізінде науқасқа «құс тұмауы» деген диагноз қойып, зертханалық тексерулерге материалдар алынғаннан кейін науқас және сол науқаспен қарым-қатынаста болған 25 адам Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылуы үшін жедел жәрдем көлігіне орналастырылды...
Науқас вагоннан түсірілгеннен кейін ауру ошағында қорытынды залалсыздандыру жұмысы жүргізілді. Оқу-жаттығу сабағын жүргізу барысында барлық қызметтер мен құрамалар аса қауіпті жұқпалы ауру пайда болғанда өзара қалай әрекеттесудің үлгісін көрсетіп, дайындығын танытты.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл