Ең бастысы – еңбек адамы

Жаңалықтар
27.04.2018, 11:16
"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялары тобы құрылымын ықшамдау барынша білікті әрі байыпты түрде жүргізіледі. Бұл туралы 26 сәуір күні Астанада өткен XIII халықаралық НR-конференциясында айтылды.   Таяуда "Самұрық-Қазына" қоры жаңа Даму стратегиясы мен Трансформация бағдарламасын бекіту барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқару деңгейлерін қысқарту керектігін нұсқағаны белгілі. Осылайша, Қор құрамына кіретін компаниялар саны 332-ден 179-ға дейін қысқартылып, басқару деңгейі күрделі 5-6 деңгейден 3-ке дейін азаймақ. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» Қорының басқару құрылымы ыңғайлы әрі ұтқыр күйге түспек. Ал жоғары оқу орындарын аяқтаған жас түлектерге қызметте өсіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін "Жас өркен" бағдарламасы одан әрі көкжиегін кеңейтпек. "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының жетекшісі Марал Марасилов та HR-конференциядан көп нәрсе алғанын, теміржол саласында кадр қорына айрықша назар аударылатынын, осы мақсатта көптеген оқыту, жеке тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, біліктілікті көтеру іс-қимылдары жүргізілетінін әңгімеледі.  Сонымен қатар, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырған «Жаңа замандағы Қазақстан: Industrial relations» панельдік сессиясында да еңбек-әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер қарастырылды.  Шара барысында өндірістегі ішкі коммуникация мен еңбек қатынастарындағы соңғы жаңалықтар, өнеркәсіптік өзгерістер кезіндегі қажет дағдылар жайы талқыланды. Келелі кеңесті Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры, әлеуметтік ынтымақтастық және стратегиялық коммуникациялар жөніндегі сарапшы, психолог, іскерлік басқару маманы Ербол Исмаилов жүргізді. Шараның басты сөз тізгіндеушілері мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық құрылымдардың стратегиялық сала басшылары, ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ғалымдар және «Самұрық-Қазына» қорының сарапшылары болды.

Тәңірберген АРҒЫН

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл