Жаз – жолды сауықтыру маусымы 

Жаңалықтар
15.05.2018, 15:48
Семей жол дистанциясының теміржолшылары үшін биылғы жаз қауырт жұмыспен басталды. Жол сауықтырудағы шаралар көктемгі комиссиялық байқаудан соң күрт қарқын алды. Себебі, жыл аясында жаңа жоспарлар  межеленіп, тың міндеттемелер алға қойылған болатын. Өткен жылы ПЧ-39 мекемесі Дегелең-Семей телімі бойында күрделі жөндеу жұмыстарын қарқынмен жүргізіп діттеген мезгілде аяқтаған еді. Осылайша, ағымдағы жылы Шаған мен Жалпақ станциялары аралығындағы 37,700 км болатын телім ерекше күтімге алынды. – Қыстан қысылмай шықтық. Сол себепті, биылғы даярлық шараларын да толық пысықтау қажет. Қазіргі күні жыл ауқымында атқарылатын жұмыстардың жоспарын жасап, бекітіп алдық. Техникалардан тапшылық тумайды деп сенеміз. Жазғы жол жөндеу жұмыстары қазірдің өзінде қызу жүргізіліп жатыр, – дейді Семей жол дистанциясының басшысы Рахат Ботаспаев. Жалпы, жылжымалы құрамның телімнен кідіріссіз өткізілуі үшін жолдардың техникалық талапқа сай болуы – басты міндет. Сол себептен, станциялық жолдарда да жөндеу жұмыстары іркіліссіз жүргізілуде. Бұл орайда, шаруашылық жүргізу тәсілімен 9,0 км аумақтық телім орташа жөндеуден өткізілмек. Ол үшін әрбір шақырымға 930 текше м қиыршық тас төселінбек. Қазіргі күні жалпы көлемі 9370 текше м құрылыс материалына тапсырыс берілген болатын. Сондай-ақ, биылғы жылы 4 км жолдың ескірген рельстері ауыстырылып, бірқатар ағаш бағыттамалы бұрмалар жаңартылмақ. Қазіргі күні станциялар басында ағымдық жөндеу жұмыстары да кедергісіз  жүргізіліп жатыр. Әсіресе, Семей қаласының ішіндегі барлық жол өткелдері мен бұрмалар, кірме жолдар, станциядан Ертістегі теміржол көпіріне дейінгі аралық биыл толықтай жолшылардың сүзгісінен өткізілмек. Бұдан өзге телімнің ең күрделі тұсынан ұзындығы 8 км мал өтуден қорғайтын қоршаулар тұрғызылмақ. Айта кетерлігі сол, Дегелең–Семей аралығындағы бұл шаралар осымен бірнеше жыл бойы үзіліссіз жүргізіліп келеді. Жалпы, бүгінде дистанция бойынша жол сауықтыру ісінде техникадан, соңғы үлгідегі заманауи жол машиналарынан тапшылық  жоқ. Ағымдағы жылы жазғы жол сауықтыру жұмыстарына РМ-8, «Унимат ФМ», «ПРБ», «ВПРС» және шпал ауыстыру үшін қолданылатын «Жейсмар» машиналары жұмылдырылмақ. Мұнымен қатар, ДМ, ПБР, ДГС сынды кешенді техникалар да көмекке келеді. – Әрине, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғау мен технологиялық процесс тәртібін сақтау – аса қажетті мәселе. Бұл міндеттемелер аясында да жоспарлы шаралар бар. Оның біріне қысқа даярлық та кіреді. Жол сапасын арттырумен қатар алдағы қысқа да әзірлікті бастаймыз, – дейді дистанцияның бас инженері Мырзабек Керейбаев.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады