Атыраудан Ақсарайға дейін...
Жаңалықтар
15.05.2018, 15:52
Қозғалыс қауіпсіздігі – қашан да маңызды шара. Әсіресе, локомотив шаруашылығы бұған аса сақтықпен қарайды. Атырау локомотив пайдалану депосының өндірістік-техникалық бөлім бастығы Айдар Қонарбаевтың айтуынша, депода өткен төрт айда қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы тіркелмеген.
Атыраудан Ақсарайға дейін бір шеті, Құлсарыға дейін екінші шеті созылған теміржол телімінің бойында қозғалыс қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтау машинистер қанына сіңген қағидаға айналғалы қашан.
Дегенмен, жол бойында бағусыз жүрген малдың кесірінен машинистер тепловозды 8 рет шұғыл тежеуге жол берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға аз. Абырой болғанда мал басу оқиғасы тіркелмеген. 3 айда тоннакилометр жұмысы техникалық жоспар бойынша 102,84, индикативті жоспарда 106,92 %-ға орындалған. Жүк тасымалы 2041,708 ткм бруттоны құрап, жоспар 109 пайызға орындалыпты. Локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 2212 мың ткм.брутто болып, 101,75 пайызды құрады. Әрине, локомотив өнімділігі пойыз салмағының артуы, жүрісі, станцияларда пойыздарды реттеу, локомотив паркін тиімді пайдалану сынды фактілерге де байланысты. Аталған жұмыстар дұрыс жүргізілсе, локомотивтердің жүрісі де жақсарады. Үстіміздегі жылдың І тоқсанында барлығы 1655 жүк пойызы тасымалданған, оның ішінде 399-ы – ауыр салмақты пойыздар. Мұнда да жоспар артығымен орындалып отыр.
Бүгінгі күні Атырау локомотив пайдалану депосының тіркелім паркінде 15 пойыздық және 12 сериялы, барлығы 27 тепловоз бар. «Дженерал-Электрик» 2ТЭ10МК сериялы модернизацияланған тепловоздар да қолданыста. Жолаушылар және жүк тепловоздарының қызмет көрсететін телімі Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары аралықтарын қамтиды. Депода ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Локомотив шаруашылығы бойынша орын алған әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақтылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Өткен үш айда локомотив бригадаларында үздіксіз жұмыс режимін бұзу жағдайы орын алмаған.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады