Жартыжылдық жоспарына сай

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:04
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі екінші жартыжылдыққа үлкен жоспар құрып отыр. Жүк тасымалының пайдалану қызметін жақсартуға бағытталған жұмыстар жоспардан кеңінен көрініс тапқан.

Осыған сәйкес, Ақтөбе теміржолшылары еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып,  пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп, директорлар кеңесі бекіткен негізгі көрсеткіштер бойынша қойылған жоспарды толық орындауды көздеп отыр. – Бекітілген жоспарларды орындап қана қоймай, бөлімшенің логистикалық құзыретіндегі даму жұмыстарын жолға қою керек. Бүгінде "ҚТЖ Экспресс" ұлттық мультимодальды көлік-логистикалық орталық құрылысы жобасын жүзеге асырып жатыр. Елбасы тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі мен ҚТЖ компаниясы жетекшілігі Жаңа Жібек жолындағы Қазақстанның іскерлік және логистикалық хабын қалыптастыруда барынша әрекет жасап келеді. Ол өз кезегінде өңірлердің де  көліктік  әлеуетін арттыруға септігін тигізіп жатқаны – қуантарлық жайт, – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев. Өңірдің бас теміржолшысының хабарлауынша, контейнерлік транзиттік тасымалдау көлемін арттыру динамикасы аясында пойыздардың жылдамдығын жоғарылату көзделген екен. Осыған орай, 2018 жылы Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде жүргізілетін күрделі жөндеудің үлесі қомақты екен. Барлығы биыл 52,820 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде Ақкеспе-Шоқысу өткелінде 15,8 км, сонымен бірге, Шоқысу станциясы мен Ақкеспе разъезінде бірінші негізгі жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. – Инфрақұрылымдарды модернизациялау жөніндегі контейнерлік маршруттар көлемінің артуы, жаңа өндірістерді іске қосу, бизнес-модельдерді цифрландыруды жүзеге асыру секілді шаралардың барлығы Мемлекет басшысының   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы аясында жүзеге асырылып жатыр, – дейді бөлімшесінің директоры. Сонымен қатар, Бөріхан Сматуллаұлы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Орталық Азия аумақтық экономикалық ынтымақтастығы дәлізін жалғайтын Ақтөбе-Мақат автомобиль құрылысы мен қайта салу жөнінде жұмыстар басталғанын да айтып өтті. Бұл өз кезегінде аймақта құрылыс материалдарын тиеу қарқынын арттырмақ көрінеді.  Жыл соңына дейін 11 083 вагон құрылыс материалы тиеледі деп жоспарланып отыр екен.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады