Еңбек қорғау – ел назарында
Жаңалықтар
15.05.2018, 16:08
Ақтөбе теміржолшылары түрлі жылдары өндірісте жұмыс барысында мерт болған еңбеккерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін олар марқұм жандардың қандай жағдайда қаза болған бақытсыз оқиғаларын еске алып, алдағы уақытта мұндай жазатайым жайттарды болдырмау үшін қандай іс-шаралар легі қолға алынып, жасалынып жатқанын талқылады.
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер Лаура Әлжанова жас теміржолшылардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, оқудан еңбекке, жастық шақтан ересек өмірге қадам басқан жас мамандар еңбегін қорғауды жақсарту керек. Бұл да бақытсыз оқиғалардың алдын алу және жұмысшылар денсаулығының күрт нашарлауын болдырмау мақсатында жасалып отырған шаруалар.
«Жер бетінде 18-24 жас аралығында 540 миллионнан астам жас жұмысшы бар делік. Бұл барлық жұмыс күшінің 15 пайызы. Ал өндірісте жарақат алатындардың үлесі 40 пайызды құрауда. Жас мамандардың өндірістік жарақат алмауы оларға жасалған қолайлы еңбек жағдайы мен еңбекке сауатты бейімдеуіне байланысты болмақ», - дейді Лаура Әлжанова.
Жетекші инженердің пайымынша, қайғылы жайттардың басты себептері - жауапты тұлғалардың тарапынан жұмысты дұрыс ұйымдастырмау, өндірістегі персоналды жеткіліксіз оқыту, жастардың еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзуы, басшылық тарапынан еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасының сақталуын тиісті деңгейде бақылауға алмауы, жауапкершіліктің жоқтығы тағысын тағылар екен.
« Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы саясаты жұмысшының жарақат алуы мен денсаулығының нашарлауына жол бермеуге бағытталып отыр. Сондықтан, тәжірибелі мамандар мен бөлім жетекшілерінен сұрайтынымыз – жастар жұмысқа тұрғанда, оларға білмегендерін үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлісіп, еңбекке баулуға атсалыссаңыздар екен. Сондай-ақ, жұмыс барысында болуы ықтимал қауіпті факторлар туралы да ескертіп отырсаңыздар деймін. Адам денсаулығы мен өмірі - ең бастысы», - дейді еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер.
Техникалық бөлім басшысының орынбасары Қобылан Бектұрғанов өндірістегі жайттарды тізбелеп, өткен жылы қандай жайттар болғанын айтып берді.
Оның айтуынша, 2017 жылы Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 29 келеңсіз оқиға тіркелген. Оның ішінде 9 факт есепке алынған. Ал көп жағдайда, жұмысшылардың өздері қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау салдарынан өндірістік жарақат алған. Тіпті, көп жыл тәжірибесі бар адамдар да өндірістік жарақат алған оқиғалар да кездескен. Олардың басты айыбы, өздеріне барынша сенімділік танытып, қырағылықты жоғалту екен.
«Бақытсыз оқиғалардың көбісі, пойыз құрастырушылары арасында болады. Бір адам көз жұмды. Дөң станциясында қайғылы жайт тіркелді. Көңілге кірбің салар мұндай оқиға локомотив шаруашылығында да болды. Қандыағашта сумен жабдықтаушы да бақытсыз жағдайға тап болды, - дей келе, Қобылан Бектұрғанов жиналғандарға бейнеролик көрсетіп, бақытсыз жағдай болғанда қандай алғашқы көмек көрсету керектігі туралы әңгімелеп берді.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады