Ғасыр жаңалығы – Астана

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:27
Семейлік ардагер, "Түрксіб-Семей" қоғамдық қорының төрағасы, қоғам қайраткері Мақсұт Көшжанов Астана тойына тамаша тарту жасап отыр. Ардагер еліміздің жүрегі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған "Ғасыр жаңалығы Астана" атты кітап шығарды. Кітап алты бөлімнен тұрады. Əр бөлім уақыт талабына сай өмір ақиқаттарын өрнектейді.  Кітаптың алғы сөзін жазған тарих ғылымының докторы, професор Болатбек Насенов еңбегіне азат елдің астанасын арқау еткен ақсақалдың еңбегін жоғары бағалайды. «Халқымыз қашанан көкірегі көмбе, ақылман ақсақалдарын ардақтай білген. Қазыналы қарттарымыз жасына лайық аузы дуалы, сөзі уəлі, ойы терең, ақылы телегей теңіз болады десек, артық айтқандық болмас. Бір ғана ақылман ақсақалдың əділдігі мен бəтуәлі сөзіне тұтас ауыл мойынсынған. Осылайша дала философиясымен ғасырлар бойы қаншама ұрпақ тəрбиеленді. Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылын тойлап өттік. Биыл 10 маусым 1998 жылдан құрыла бастаған Астанамыздың 20 жылдығының куəгері болып, əр қазақстандық өз қуанышын, осы жылдары өсу, өрлеу, өркендеуіне қосқан үлесім деп біледі. Əрине, қиыншылықтар да кездесті. Үлкен кедергілер де кездесті. Тұтастықты, бірлікті ту етудің арқасында бəрін де жеңіп шықтық. Бұл жолда Тəуелсіз Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін атап өткен жөн. Мемлекет басшысының биік пайым парасаты, білім, өмірлік тəжірибесі һәм сұңғыла саясаткерлігінің арқасында еліміз уақыттың қатал сындарынан сүрінбей өтті... Қазіргі таңда бейбітшілік бесігіне бөленген Қазақстан əлемнің мемлекеттеріне үлгі. Азаттықтың алғашқы екі онжылдығындағы еңбек еткен ағаларымыз бен аналарымыздың басым бөлігі қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көруде. "Ақылды қария – ағып жатқан дария" демекші, зейнетке шықса да, жас ұрпаққа демеу болып, білгенін үйретіп, ортамызда жүргені көңіл қуантады» дей келе,  «...осындай ардагерлердің бірегейі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей белгі беру жəне байланыс  дистанциясының ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлімшенің ардагерлер кеңесінің мүшесі, "НҰР ОТАН" партиясы бастауыш ұйымы саяси бюросының  мүшесі, "Абыралы-Дегелең"қоғамдық қорының мүшесі, Семей темір жол бөлімшесі теміржолшыларының мəдени-тарихи, əлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған "Түрксіб-Семей" қоғамдық қорының жəне "Түксіб-Семей" мұражайының директоры  Мақсұт Көшжановтың 20 жылдық қоғамдағы еңбегі ақиқат» деп баға береді.    1937 жылы Семей облысы Абыралы ауданында дүниеге келген Мақсұт Көшжанов – Семей теміржолындағы ең белсенді қарт теміржолшының бірі. Ардагердің осыған дейін де аймақтағы талай қоғамдық игі істерге ұйытқы болып жүргені назардан тыс қалған емес. «Темір жол мүддесі үшін еңбегіме ақы сұрамаймын, Тəуелсіз Қазақстанның тұғырлануына тарыдай болса да үлес қоссақ – арманның орындалғаны» дейді ардагер.  

Лаура ТАСБОЛАТОВА

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады