Сандық жүйеге көшуде

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:31
«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобында цифрландыру бағдарламасы бойынша, жеке саланың өзінде, орташа алғанда елуден астам жоба қолға алынған. Еске сала кетсек, «Қазақстан темір жолы» компаниясында 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы теміржол» стратегиясы жасалып, 21 жобаның екеуі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан орын алған. Стратегияда жүк, жолаушы, мультимодальдық тасымал, теміржол инфрақұрылымы, корпоративтік басқару мәселелері қамтылған. Жуырда Қор басшысы Ахметжан Есімов пен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ұлттық компаниялар басшылары қатысқан кеңесте цифрландыру тақырыбы сөз болды.  Жиын басында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Нұрлан Рахметов сандық жүйеге көшу бағдарламасының жүзеге асыруы жайында баяндап, Қордың қоржындық компанияларында осындай жобалардың көптігін жеткізді. Мысалы мемлекеттік емес бағдарламалар бойынша 51 жоба әзірленген.Осы орайда, шара барысында, Қор қарамағындағы жетекші компаниялардың басшыларыигілікті қадамдардың іске асырылуы жөнінде есеп берді. «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ  Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сандық жүйеге көшу жобаларының әрқайсысының нақты экономикалық тиімділікке ие болуы керектігін атап өтті. «Әрбір жоба бәсекелестік артықшылықтарға, тапсырыс берушілердің қанағаттануына, негізгі өндіріс тәуекелдерін жоюға, жаңа технологияларды жасауға, түбегейлі жаңа бизнес  құруға бағытталған болуы тиіс және нәтижесінде кірістің өсуіне әкелуі қажет», – деді ол. Асқар Жұмағалиев Қор компанияларындағы цифрландыру үдерісінің жақсы қарқынына нұсқап,тұтас елді сандық жүйеге көшіруде көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді. «Осы барлық бағдарламалар мен жобалар бүгінде «Сандық Қазақстан» бағдарламасына енген және қызметтеріңізбен нақты ақпарат алмасу орнатататын боламыз», – деді Үкімет басшысының орынбасары. Жиын қорытындысында,Ахметжан Есімов, Қор қоржынындағы компанияларда бизнес-үдерістердің дамуы мен сандық жүйеге көшуді тереңдету бойынша бірқатар тапсырмалар берді және нақты мерзімдерді белгілеп, оған жауапты қызметкерлері тағайындады.

Кемел МАРАТ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады