Жаңа технологияны меңгеру – қажеттілік  

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:39
Тоғыз жолдың торабы деген сынды теңеуге ие Шу станциясы  – теміржолшылар мекені деген тағы бір атқа ие болғалы да жарты ғасыр. Теміржол көлігінің қызметін қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындар шоғырланған станцияда теміржолшылардың бірнеше буыны ауысып үлгерген. Мысалы, Шу локомотив пайдалану депосы – машинистердің үшінші-төртінші буынын тәрбиелеп отырған ежелгі кәсіпорын. Мұнда өткен жылдардың үлесіндегі бай тәжірибені сақтап қалуға және өндіріс процесіне жаңа, заманауи технологияны енгізуге өзіндік ықпалын тигізетін ұрпақтар сабақтастығы ұстанымы табысты жүзеге асып келеді. – Қазіргі ғасыр – компьютерлік технология ғасыры. Біздің теміржолшылар да бұл процестен қалыс қалған емес. Тәуелсіздік жылдарында көптеген өзгерістер орын алды. Локомотив паркі жаңартылды және толықтырылды. Мысалы, бізге Қытай мен Франция елдерінен жаңа техникалардың жеткізілуі – осының айқын дәлелі. Мұның барлығы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген міндеттермен тікелей байланысты. Мысалы, бүгінгі таңда Шу локомотив пайдалану депосында тозығы жеткен техникаларды заманауи үлгідегі, әлемдік деңгейдегі жоғары талаптарға сай келетін, жаңа техникаға алмастыру жүзеге асырылуда. Жоғарыда атап өткендей, бұл Қазақстанның барлық бағыттарына қатынайтын жолаушылар пойызын қамтамасыз ететін КZ-4A, KZ-4AS маркалы қытайлық өндірістен, KZ-4AТ маркалы франциялық өндірістен шыққан локомотивтер. Сондай-ақ, іргелес мемлекеттерден келетін техникалар қатарында жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналған KZ-8 локомотиві де бар. Біздегі локомотив бригадасы Шу-Сарышаған учаскесі бойынша жүрдек пойыздарға да қызмет көрсетеді. Жүк пойыздарына қатысты айтар болсақ, ол Шу-Сарышаған және Шу-Отар учаскелерінде жоғарыда аталған жаңа әрі заманауи локомотивтермен жүзеге асырылады. Тағы бір айта кететін жайт, депо басшылығы жұмыс процесіндегі қажеттіліктерді жаңа жүйеге сай жаңғыртып отыруды назардан тыс қалдырмайды. Барлық локомотивтер компьютерлендірілген, локомотив бригадаларына жоғары талаптар қойылады. Өйткені, қазіргі таңда ескі әдіспен жұмыс жасау мүмкін емес. Машинистер мен олардың көмекшілері пойыздардың қауіпсіз әрі сапалы қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық жаңа технологияны меңгеруі – бірінші кезектегі қажеттілік болып саналады, – дейді Шу локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Константин Бирюков. 

Ерман Әбдиев, Шу

 
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл