Қыздар да футбол ойнайды  

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:47
Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ерекше спорттық шара өтті. Мини-футболдан ұйымдастырылған командалық кездесуде кілең қыздар өнер көрсетіп, өзара шеберлік байқасты. Мұндай сайыс бөлімше бойынша тұңғыш рет өткізілген болатын. Оған спортқа, оның ішінде футболға бейімі бар кіл бұрымдылар қауымы қатысты. Рас, өзіндік сауаттылықты, талап-ережелерді білуді міндеттейтін футболға қатысуға ынта білдіргендер аса көп бола қойған жоқ. Сондықтан болар, нәзікжандылар қауымы арасынан тек екі команда ғана іріктелді. Осылайша, барлығы 14 ойыншыдан тұратын қос команда жасақталды. «Наурыз» аталған команда құрамында тек Семей ЖТ бөлімшесінің ғана қыздары ойнаса, «Союз» құрама командасы сапында Транстелеком, ӘТЖК, НЖС-6 қыздары бірлесіп  бақ сынасты.    Ойын барысы мейлінше қызықты әрі тартысты өрбіді. Қыздардың ойынына сенімсіздікпен қарағандар да болды. Әйтсе де, қажетті жерде пас беру, айып добын соғу, ұжымдасып шабуылға шығу, қорғанысты бірлесіп күшейту, қарсыласты алдап өтіп қақпаға доп салу сынды әдіс-тәсілдерді бойжеткендердің де шебер  меңгергендіктері айқын байқалып тұрды. Осылайша, жарысты тамашалауға келген жанкүйерлер қиқуы зал ішін жаңғыртып, ойын барысы шиеленісті өрбіді. Шабуылшы қыз Айгерім Тоқпанова бастаған бұрымдылар  дүркін-дүркін қарсыластар қақпасына қауіп төндіре отырып, ойын барысын тартысты да қызықты әрі ширақ өрбітті. Ойын қорытындысы бойынша «Наурыз» командасының қыздары 2:0 есебімен жеңіске жетіп, арнайы кубокты иеленді. Ал, кездесу соңында барша қатысушы ойыншылар кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.   

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл